Тәуекел мен табыстылық: тәуекелді қалай бағалап, басқаруға болады
16 қазан 2025

««Тәуекелдің басты себебі – не істеп жатқаныңызды түсінбеу.»

— Уоррен Баффетт
 

Нұсқаулықтың мазмұны

1. Неліктен тәуекел мен табыстылық өзара байланысты?

2. Тәуекелдің негізгі түрлері

3. Тәуекел қалай бағаланады?

4. Жүйелік және жүйелік емес тәуекел

5. Инвестордың тәуекел профилі

6. Тәуекелсіз мөлшерлеме және тәуекел үшін сыйақы

7. Тәуекелді қалай басқаруға болады?

8. Тәуекел деңгейін инвестициялық мақсатыңызға сай таңдаңыз.

9. Тәуекел және инвестициялау мерзімі

10. Эмоциялар – жасырын тәуекел

 

Неліктен тәуекел мен табыстылық өзара байланысты?

Бұл – қаржы нарығының басты қағидаларының бірі: табыс әлеуеті жоғары болған сайын, тәуекел деңгейі де артады. Инвесторлар тәуекелі жоғары активтерге тек одан жоғары табыс күтетін жағдайда ғана қаржы салады. Сондықтан «тәуекелсіз жоғары табысқа кепілдік беріледі» немесе «ай сайын 30% табыс, ешқандай тәуекел жоқ» деген уәделерге әрдайым сақтықпен қараған жөн. Мұндай ұсыныстар көбіне қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемалардың белгісі болады. Инвестициялауда тәуекелден толықтай құтылу мүмкін емес. Сондықтан инвестордың негізгі мақсаты – тәуекелден қашу емес, оны өз инвестициялық мақсатына, мерзіміне және қаржылық мүмкіндігіне сай саналы түрде қабылдап, тиімді басқара білу.

Тәуекелдің негізгі түрлері

  • Нарықтық (жүйелік) тәуекел экономиканың жалпы жағдайына байланысты туындайтын тәуекел. Экономикалық құлдырау, қаржы дағдарысы, пайыздық мөлшерлемелердің күрт өсуі немесе басқа да макроэкономикалық өзгерістер кезінде көптеген активтердің құны қатар төмендеуі мүмкін. Бұл тәуекел нарықтың басым бөлігіне әсер ететіндіктен, одан әртараптандыру арқылы толық қорғану мүмкін емес. Дегенмен инвестицияларды әртүрлі активтерге, салаларға және елдерге бөлу портфельдің жекелеген нарықтық күйзелістерге тәуелділігін азайтуға көмектеседі.
  • Кредиттік тәуекел – облигация шығарған эмитенттің купондық төлемдерді төлей алмауы немесе облигацияның номиналдық құнын инвесторға қайтара алмау қаупі. Мұндай жағдай дефолт деп аталады. Эмитенттің кредиттік рейтингі төмен болған сайын, кредиттік тәуекел де жоғары болады.
  • Өтімділік тәуекелі – активті қысқа уақыт ішінде оның нарықтағы әділ бағасымен сата алмау қаупі. Бұл көбіне сауда көлемі аз және сатып алушылар мен сатушылар саны шектеулі қаржы құралдарына тән. Мұндай жағдайда сатып алу мен сату бағасының айырмашылығы ұлғайып, активті сату қиындай түседі немесе қосымша шығынды талап етеді.
  • Валюталық тәуекел – шетел валютасындағы активтерге инвестиция салғанда туындайтын тәуекел. Мұндай жағдайда инвестицияның нәтижесі тек бағалы қағаздың бағасына ғана емес, валюта бағамының өзгеруіне де байланысты болады. Сондықтан теңгемен есеп жүргізетін инвестор үшін теңгенің нығаюы немесе әлсіреуі, бағалы қағаздың бағасы өзгермесе де, инвестицияның түпкілікті табысына әсер етуі мүмкін.
  • Пайыздық тәуекел – экономикадағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты активтердің құны мен инвестицияның табыстылығының өзгеру қаупі. Бұл тәуекелге әсіресе облигациялар мен тұрақты табыс әкелетін басқа да қаржы құралдары сезімтал келеді. Әдетте, пайыздық мөлшерлемелер көтерілсе, айналымдағы облигациялардың бағасы төмендейді, ал мөлшерлемелер төмендесе, олардың бағасы өседі. Сондай-ақ облигацияның дюрациясы неғұрлым жоғары болса, оның бағасы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне соғұрлым қатты әсер етеді..
  • Инфляциялық тәуекел – бағаның өсуі салдарынан инвестицияның нақты табыстылығының төмендеу қаупі. Инфляция күшейген кезде ақшаның сатып алу қабілеті азаяды, сондықтан инвестициядан түскен табыс күткен нәтижені бермеуі мүмкін. Бұл тәуекел, әсіресе, қолма-қол ақша мен тұрақты табыс әкелетін қаржы құралдары үшін жоғары.
  • Шоғырлану тәуекелі – инвестициялардың басым бөлігін бір ғана бағалы қағазға, секторға немесе елге орналастырудан туындайтын тәуекел. Егер сол эмитентте немесе салада қиындықтар туындаса, бұл бүкіл портфельдің құнына әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай тәуекелді инвестицияларды әртүрлі активтер, салалар мен елдер арасында бөлу арқылы азайтуға болады.

Тәуекел қалай бағаланады?

Тәуекелді бағалауда сандық көрсеткіштер кеңінен қолданылады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатыны – волатильділік. Ол активтің немесе инвестициялық портфельдің құны уақыт өте қаншалықты өзгеретінін көрсетеді. Сондай-ақ маңызды көрсеткіштердің бірі – максималды төмендеу. Бұл көрсеткіш актив немесе портфель құнының ең жоғары деңгейден кейінгі ең үлкен төмендеуін көрсетеді. Дегенмен тәуекелді тек сандармен бағалау жеткіліксіз. Инвестор ықтимал тәуекелдерді және олардың инвестиция нәтижесіне тигізетін әсерін де ескеруі қажет. Сондықтан сандық көрсеткіштер инвестициялық құралдарды салыстыруға көмектессе, сапалық бағалау неғұрлым дұрыс әрі негізделген инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жүйелік және жүйелік емес тәуекел

Тәуекелдер негізінен екі түрге бөлінеді. Жүйелік (нарықтық) тәуекел бүкіл нарыққа әсер ететін экономикалық өзгерістерден туындайды. Ал жүйелік емес тәуекел жекелеген компаниялардың немесе белгілі бір саланың қызметіне байланысты болады. Инвестицияларды әртараптандыру жүйелік емес тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді, алайда жүйелік, яғни нарықтық тәуекелді толық жоя алмайды.

 

Инвестордың тәуекел профилі

Тәуекел бейіні – инвестордың тәуекелді қандай деңгейде қабылдауға дайын екенін көрсететін сипаттама. Әдетте инвесторлар консервативті (капиталды сақтауға басымдық береді), теңгерімді (тәуекел мен табыстылықтың тепе-теңдігін ұстанады) және агрессивті (капиталды өсіруге басымдық береді) болып бөлінеді. Тәуекел бейіні инвестициялау мақсатына, мерзіміне, қаржылық жағдайына және тәуекелге деген көзқарасына байланысты қалыптасады. Ең бастысы – өзіңізді дұрыс бағалай білу. Егер таңдаған инвестициялық стратегияңыз сізге жайсыздық тудырып, үнемі алаңдататын болса, уақыт өте келе эмоцияның жетегінде кетіп, асығыс шешім қабылдау ықтималдығы артады.
 

Тәуекелсіз мөлшерлеме және тәуекел сыйақысы

Инвестицияның тартымдылығын бағалаудағы бастапқы бағдар – тәуекелсіз мөлшерлеме. Бұл – мемлекеттік облигациялар сияқты ең сенімді қаржы құралдарының табыстылығы (мысалы, АҚШ-тың қазынашылық облигациялары (Treasuries) немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облигациялары). Тәуекелі жоғары активтер инвесторға қосымша табыс ұсынуы тиіс. Мұндай қосымша табыс тәуекел сыйақысы деп аталады және инвестор қабылдайтын тәуекелдің өтемі ретінде қарастырылады. Егер тәуекелі жоғары активтің күтілетін табыстылығы мемлекеттік облигациялардан жоғары болмаса, онда қосымша тәуекелге барудың мәні жоқ. Сондықтан тәуекел сыйақысы тәуекелдің күтілетін табыстылықпен қаншалықты өтелетінін көрсететін маңызды көрсеткіш болып саналады.
 

Тәуекелді қалай басқаруға болады?

Тәуекелді толық жою мүмкін емес, бірақ оны тиімді басқаруға болады. Оның ең негізгі тәсілі – әртараптандыру, яғни инвестицияларды әртүрлі активтерге, салаларға, елдерге және валюталарға бөлу. Инвестициялау мерзімі де маңызды рөл атқарады: ұзақ мерзімде нарықтағы қысқа мерзімді құбылулардың әсері әдетте азаяды. Сондай-ақ инвестиция көлемін дұрыс анықтап, өтімді резервтің болғаны маңызды. Ол қолайсыз кезеңдерден сабырмен өтуге де, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалануға да мүмкіндік береді. Бұл тәсілдер тәуекелді толық жоймайды, бірақ оны тиімдірек басқаруға көмектеседі.
 

Тәуекелді мақсатыңызға сай таңдаңыз

Ең басты қағида – мақсатыңызға жету үшін қажет мөлшерден артық тәуекелге бармау. Егер консервативті стратегияның өзі алға қойған мақсатыңызға жеткізсе, қосымша табыс үшін тәуекелді арттырудың қажеті жоқ. Тәуекел – өз алдына мақсат емес, инвестициялық мақсатқа жетуге көмектесетін құрал. Сондықтан оны саналы түрде және қажетті деңгейде ғана қабылдау маңызды. Осындай тәсіл инвестициялауды байыпты әрі болжамды үдеріске айналдырады.

 

Тәуекел және инвестициялау мерзімі

Инвестициялауда уақыт – тәуекелді басқаруға көмектесетін маңызды факторлардың бірі. Қысқа мерзімде акция бағасы айтарлықтай құбылуы мүмкін. Алайда ұзақ мерзімде мұндай ауытқулардың әсері біртіндеп азайып, оң нәтиже алу ықтималдығы артады. Сондықтан бір активтің тәуекелі инвестициялау мерзіміне қарай өзгеріп отырады: бір жылға тәуекелі жоғары саналатын актив он бес жылдық инвестиция үшін қолайлы болуы мүмкін. Инвестициялау мерзімі ұзақ болған сайын, нарықтағы уақытша төмендеулерге сабырмен қарау оңайырақ болады.
 

Эмоциялар – жасырын тәуекел

Көбіне еленбей қалатын тәуекел – эмоцияның әсерінен туындайтын тәуекел. Нарық төмендеген кезде қорқыныш, ал баға шарықтаған кезде ашкөздік инвесторды активті ең төмен бағамен сатуға және ең жоғары бағамен сатып алуға итермелеуі мүмкін. Соның салдарынан уақытша баға ауытқулары нақты шығынға айналады. Алдын ала жасалған инвестициялық жоспар мен өз тәуекел бейініңізді жақсы түсіну эмоцияға еріп, асығыс шешім қабылдаудан кез келген болжамнан да тиімді қорғайды. Эмоцияны басқара білу де әртараптандыру сияқты тәуекелді басқарудың маңызды бөлігі болып саналады.
 

Қысқаша түйін

  • Табыстылық пен тәуекел бір-бірімен тығыз байланысты; тәуекелсіз жоғары табыс болмайды.
  • Тәуекелді бағалау үшін волатильділік пен максималды төмендеу көрсеткіштері пайдаланылады. Сонымен қатар ең қолайсыз сценарийдің ықтимал салдарын алдын ала бағалау да маңызды.
  • Әртараптандыру жүйелік емес тәуекелді азайтады, бірақ жүйелік (нарықтық) тәуекелді толық жоя алмайды.
  • Тәуекел сыйақысы мемлекеттік облигациялардан
  • Тәуекелді әртараптандыру, инвестициялау мерзімі және инвестиция көлемі арқылы басқарыңыз. Тәуекел деңгейі әрқашан инвестициялық мақсатыңызға сай болуы тиіс..
Тәуекел мен табыстылық: тәуекелді қалай бағалап, басқаруға болады
««Тәуекелдің басты себебі – не істеп жатқаныңызды түсінбеу.» — Уоррен Баффетт   Нұсқаулықтың мазмұны 1. Неліктен тәуекел мен табыстылық өзара байланысты? 2. Тәуекелдің негізгі түрлері 3. Тәуекел қалай бағаланады? 4. Жүйелік және жүйелік емес тәуекел 5. Инвестордың тәуекел профилі 6. Тәуекелсіз мөлшерлеме және тәуекел үшін сыйақы 7. Тәуекелді қалай басқаруға болады? 8. Тәуекел деңгейін инвестициялық мақсатыңызға сай таңдаңыз. 9. Тәуекел және инвестициялау мерзімі 10. Эмоциялар – жасырын тәуекел   Неліктен тәуекел мен табыстылық өзара байланысты? Бұл – қаржы нарығының басты қағидаларының бірі: табыс әлеуеті жоғары болған сайын, тәуекел деңгейі де артады. Инвесторлар тәуекелі жоғары активтерге тек одан жоғары табыс күтетін жағдайда ғана қаржы салады. Сондықтан «тәуекелсіз жоғары табысқа кепілдік беріледі» немесе «ай сайын 30% табыс, ешқандай тәуекел жоқ» деген уәделерге әрдайым сақтықпен қараған жөн. Мұндай ұсыныстар көбіне қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемалардың белгісі болады. Инвестициялауда тәуекелден толықтай құтылу мүмкін емес. Сондықтан инвестордың негізгі мақсаты – тәуекелден қашу емес, оны өз инвестициялық мақсатына, мерзіміне және қаржылық мүмкіндігіне сай саналы түрде қабылдап, тиімді басқара білу. Тәуекелдің негізгі түрлері Нарықтық (жүйелік) тәуекел – экономиканың жалпы жағдайына байланысты туындайтын тәуекел. Экономикалық құлдырау, қаржы дағдарысы, пайыздық мөлшерлемелердің күрт өсуі немесе басқа да макроэкономикалық өзгерістер кезінде көптеген активтердің құны қатар төмендеуі мүмкін. Бұл тәуекел нарықтың басым бөлігіне әсер ететіндіктен, одан әртараптандыру арқылы толық қорғану мүмкін емес. Дегенмен инвестицияларды әртүрлі активтерге, салаларға және елдерге бөлу портфельдің жекелеген нарықтық күйзелістерге тәуелділігін азайтуға көмектеседі. Кредиттік тәуекел – облигация шығарған эмитенттің купондық төлемдерді төлей алмауы немесе облигацияның номиналдық құнын инвесторға қайтара алмау қаупі. Мұндай жағдай дефолт деп аталады. Эмитенттің кредиттік рейтингі төмен болған сайын, кредиттік тәуекел де жоғары болады. Өтімділік тәуекелі – активті қысқа уақыт ішінде оның нарықтағы әділ бағасымен сата алмау қаупі. Бұл көбіне сауда көлемі аз және сатып алушылар мен сатушылар саны шектеулі қаржы құралдарына тән. Мұндай жағдайда сатып алу мен сату бағасының айырмашылығы ұлғайып, активті сату қиындай түседі немесе қосымша шығынды талап етеді. Валюталық тәуекел – шетел валютасындағы активтерге инвестиция салғанда туындайтын тәуекел. Мұндай жағдайда инвестицияның нәтижесі тек бағалы қағаздың бағасына ғана емес, валюта бағамының өзгеруіне де байланысты болады. Сондықтан теңгемен есеп жүргізетін инвестор үшін теңгенің нығаюы немесе әлсіреуі, бағалы қағаздың бағасы өзгермесе де, инвестицияның түпкілікті табысына әсер етуі мүмкін. Пайыздық тәуекел – экономикадағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты активтердің құны мен инвестицияның табыстылығының өзгеру қаупі. Бұл тәуекелге әсіресе облигациялар мен тұрақты табыс әкелетін басқа да қаржы құралдары сезімтал келеді. Әдетте, пайыздық мөлшерлемелер көтерілсе, айналымдағы облигациялардың бағасы төмендейді, ал мөлшерлемелер төмендесе, олардың бағасы өседі. Сондай-ақ облигацияның дюрациясы неғұрлым жоғары болса, оның бағасы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне соғұрлым қатты әсер етеді.. Инфляциялық тәуекел – бағаның өсуі салдарынан инвестицияның нақты табыстылығының төмендеу қаупі. Инфляция күшейген кезде ақшаның сатып алу қабілеті азаяды, сондықтан инвестициядан түскен табыс күткен нәтижені бермеуі мүмкін. Бұл тәуекел, әсіресе, қолма-қол ақша мен тұрақты табыс әкелетін қаржы құралдары үшін жоғары. Шоғырлану тәуекелі – инвестициялардың басым бөлігін бір ғана бағалы қағазға, секторға немесе елге орналастырудан туындайтын тәуекел. Егер сол эмитентте немесе салада қиындықтар туындаса, бұл бүкіл портфельдің құнына әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай тәуекелді инвестицияларды әртүрлі активтер, салалар мен елдер арасында бөлу арқылы азайтуға болады. Тәуекел қалай бағаланады? Тәуекелді бағалауда сандық көрсеткіштер кеңінен қолданылады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатыны – волатильділік. Ол активтің немесе инвестициялық портфельдің құны уақыт өте қаншалықты өзгеретінін көрсетеді. Сондай-ақ маңызды көрсеткіштердің бірі – максималды төмендеу. Бұл көрсеткіш актив немесе портфель құнының ең жоғары деңгейден кейінгі ең үлкен төмендеуін көрсетеді. Дегенмен тәуекелді тек сандармен бағалау жеткіліксіз. Инвестор ықтимал тәуекелдерді және олардың инвестиция нәтижесіне тигізетін әсерін де ескеруі қажет. Сондықтан сандық көрсеткіштер инвестициялық құралдарды салыстыруға көмектессе, сапалық бағалау неғұрлым дұрыс әрі негізделген инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жүйелік және жүйелік емес тәуекел Тәуекелдер негізінен екі түрге бөлінеді. Жүйелік (нарықтық) тәуекел бүкіл нарыққа әсер ететін экономикалық өзгерістерден туындайды. Ал жүйелік емес тәуекел жекелеген компаниялардың немесе белгілі бір саланың қызметіне байланысты болады. Инвестицияларды әртараптандыру жүйелік емес тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді, алайда жүйелік, яғни нарықтық тәуекелді толық жоя алмайды.   Инвестордың тәуекел профилі Тәуекел бейіні – инвестордың тәуекелді қандай деңгейде қабылдауға дайын екенін көрсететін сипаттама. Әдетте инвесторлар консервативті (капиталды сақтауға басымдық береді), теңгерімді (тәуекел мен табыстылықтың тепе-теңдігін ұстанады) және агрессивті (капиталды өсіруге басымдық береді) болып бөлінеді. Тәуекел бейіні инвестициялау мақсатына, мерзіміне, қаржылық жағдайына және тәуекелге деген көзқарасына байланысты қалыптасады. Ең бастысы – өзіңізді дұрыс бағалай білу. Егер таңдаған инвестициялық стратегияңыз сізге жайсыздық тудырып, үнемі алаңдататын болса, уақыт өте келе эмоцияның жетегінде кетіп, асығыс шешім қабылдау ықтималдығы артады.   Тәуекелсіз мөлшерлеме және тәуекел сыйақысы Инвестицияның тартымдылығын бағалаудағы бастапқы бағдар – тәуекелсіз мөлшерлеме. Бұл – мемлекеттік облигациялар сияқты ең сенімді қаржы құралдарының табыстылығы (мысалы, АҚШ-тың қазынашылық облигациялары (Treasuries) немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облигациялары). Тәуекелі жоғары активтер инвесторға қосымша табыс ұсынуы тиіс. Мұндай қосымша табыс тәуекел сыйақысы деп аталады және инвестор қабылдайтын тәуекелдің өтемі ретінде қарастырылады. Егер тәуекелі жоғары активтің күтілетін табыстылығы мемлекеттік облигациялардан жоғары болмаса, онда қосымша тәуекелге барудың мәні жоқ. Сондықтан тәуекел сыйақысы тәуекелдің күтілетін табыстылықпен қаншалықты өтелетінін көрсететін маңызды көрсеткіш болып саналады.   Тәуекелді қалай басқаруға болады? Тәуекелді толық жою мүмкін емес, бірақ оны тиімді басқаруға болады. Оның ең негізгі тәсілі – әртараптандыру, яғни инвестицияларды әртүрлі активтерге, салаларға, елдерге және валюталарға бөлу. Инвестициялау мерзімі де маңызды рөл атқарады: ұзақ мерзімде нарықтағы қысқа мерзімді құбылулардың әсері әдетте азаяды. Сондай-ақ инвестиция көлемін дұрыс анықтап, өтімді резервтің болғаны маңызды. Ол қолайсыз кезеңдерден сабырмен өтуге де, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалануға да мүмкіндік береді. Бұл тәсілдер тәуекелді толық жоймайды, бірақ оны тиімдірек басқаруға көмектеседі.   Тәуекелді мақсатыңызға сай таңдаңыз Ең басты қағида – мақсатыңызға жету үшін қажет мөлшерден артық тәуекелге бармау. Егер консервативті стратегияның өзі алға қойған мақсатыңызға жеткізсе, қосымша табыс үшін тәуекелді арттырудың қажеті жоқ. Тәуекел – өз алдына мақсат емес, инвестициялық мақсатқа жетуге көмектесетін құрал. Сондықтан оны саналы түрде және қажетті деңгейде ғана қабылдау маңызды. Осындай тәсіл инвестициялауды байыпты әрі болжамды үдеріске айналдырады.   Тәуекел және инвестициялау мерзімі Инвестициялауда уақыт – тәуекелді басқаруға көмектесетін маңызды факторлардың бірі. Қысқа мерзімде акция бағасы айтарлықтай құбылуы мүмкін. Алайда ұзақ мерзімде мұндай ауытқулардың әсері біртіндеп азайып, оң нәтиже алу ықтималдығы артады. Сондықтан бір активтің тәуекелі инвестициялау мерзіміне қарай өзгеріп отырады: бір жылға тәуекелі жоғары саналатын актив он бес жылдық инвестиция үшін қолайлы болуы мүмкін. Инвестициялау мерзімі ұзақ болған сайын, нарықтағы уақытша төмендеулерге сабырмен қарау оңайырақ болады.   Эмоциялар – жасырын тәуекел Көбіне еленбей қалатын тәуекел – эмоцияның әсерінен туындайтын тәуекел. Нарық төмендеген кезде қорқыныш, ал баға шарықтаған кезде ашкөздік инвесторды активті ең төмен бағамен сатуға және ең жоғары бағамен сатып алуға итермелеуі мүмкін. Соның салдарынан уақытша баға ауытқулары нақты шығынға айналады. Алдын ала жасалған инвестициялық жоспар мен өз тәуекел бейініңізді жақсы түсіну эмоцияға еріп, асығыс шешім қабылдаудан кез келген болжамнан да тиімді қорғайды. Эмоцияны басқара білу де әртараптандыру сияқты тәуекелді басқарудың маңызды бөлігі болып саналады.   Қысқаша түйін Табыстылық пен тәуекел бір-бірімен тығыз байланысты; тәуекелсіз жоғары табыс болмайды. Тәуекелді бағалау үшін волатильділік пен максималды төмендеу көрсеткіштері пайдаланылады. Сонымен қатар ең қолайсыз сценарийдің ықтимал салдарын алдын ала бағалау да маңызды. Әртараптандыру жүйелік емес тәуекелді азайтады, бірақ жүйелік (нарықтық) тәуекелді толық жоя алмайды. Тәуекел сыйақысы мемлекеттік облигациялардан Тәуекелді әртараптандыру, инвестициялау мерзімі және инвестиция көлемі арқылы басқарыңыз. Тәуекел деңгейі әрқашан инвестициялық мақсатыңызға сай болуы тиіс..

««Тәуекелдің басты себебі – не істеп жатқаныңызды түсінбеу.»

— Уоррен Баффетт  

Нұсқаулықтың мазмұны

1. Неліктен тәуекел мен табыстылық өзара байланысты?

2. Тәуекелдің негізгі түрлері

3. Тәуекел қалай бағаланады?

4. Жүйелік және жүйелік емес тәуекел

5. Инвестордың тәуекел профилі

6. Тәуекелсіз мөлшерлеме және тәуекел үшін сыйақы

7. Тәуекелді қалай басқаруға болады?

8. Тәуекел деңгейін инвестициялық мақсатыңызға сай таңдаңыз.

9. Тәуекел және инвестициялау мерзімі

10. Эмоциялар – жасырын тәуекел

 

Неліктен тәуекел мен табыстылық өзара байланысты?

Бұл – қаржы нарығының басты қағидаларының бірі: табыс әлеуеті жоғары болған сайын, тәуекел деңгейі де артады. Инвесторлар тәуекелі жоғары активтерге тек одан жоғары табыс күтетін жағдайда ғана қаржы салады. Сондықтан «тәуекелсіз жоғары табысқа кепілдік беріледі» немесе «ай сайын 30% табыс, ешқандай тәуекел жоқ» деген уәделерге әрдайым сақтықпен қараған жөн. Мұндай ұсыныстар көбіне қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемалардың белгісі болады. Инвестициялауда тәуекелден толықтай құтылу мүмкін емес. Сондықтан инвестордың негізгі мақсаты – тәуекелден қашу емес, оны өз инвестициялық мақсатына, мерзіміне және қаржылық мүмкіндігіне сай саналы түрде қабылдап, тиімді басқара білу.

Тәуекелдің негізгі түрлері
  • Нарықтық (жүйелік) тәуекел экономиканың жалпы жағдайына байланысты туындайтын тәуекел. Экономикалық құлдырау, қаржы дағдарысы, пайыздық мөлшерлемелердің күрт өсуі немесе басқа да макроэкономикалық өзгерістер кезінде көптеген активтердің құны қатар төмендеуі мүмкін. Бұл тәуекел нарықтың басым бөлігіне әсер ететіндіктен, одан әртараптандыру арқылы толық қорғану мүмкін емес. Дегенмен инвестицияларды әртүрлі активтерге, салаларға және елдерге бөлу портфельдің жекелеген нарықтық күйзелістерге тәуелділігін азайтуға көмектеседі.
  • Кредиттік тәуекел – облигация шығарған эмитенттің купондық төлемдерді төлей алмауы немесе облигацияның номиналдық құнын инвесторға қайтара алмау қаупі. Мұндай жағдай дефолт деп аталады. Эмитенттің кредиттік рейтингі төмен болған сайын, кредиттік тәуекел де жоғары болады.
  • Өтімділік тәуекелі – активті қысқа уақыт ішінде оның нарықтағы әділ бағасымен сата алмау қаупі. Бұл көбіне сауда көлемі аз және сатып алушылар мен сатушылар саны шектеулі қаржы құралдарына тән. Мұндай жағдайда сатып алу мен сату бағасының айырмашылығы ұлғайып, активті сату қиындай түседі немесе қосымша шығынды талап етеді.
  • Валюталық тәуекел – шетел валютасындағы активтерге инвестиция салғанда туындайтын тәуекел. Мұндай жағдайда инвестицияның нәтижесі тек бағалы қағаздың бағасына ғана емес, валюта бағамының өзгеруіне де байланысты болады. Сондықтан теңгемен есеп жүргізетін инвестор үшін теңгенің нығаюы немесе әлсіреуі, бағалы қағаздың бағасы өзгермесе де, инвестицияның түпкілікті табысына әсер етуі мүмкін.
  • Пайыздық тәуекел – экономикадағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты активтердің құны мен инвестицияның табыстылығының өзгеру қаупі. Бұл тәуекелге әсіресе облигациялар мен тұрақты табыс әкелетін басқа да қаржы құралдары сезімтал келеді. Әдетте, пайыздық мөлшерлемелер көтерілсе, айналымдағы облигациялардың бағасы төмендейді, ал мөлшерлемелер төмендесе, олардың бағасы өседі. Сондай-ақ облигацияның дюрациясы неғұрлым жоғары болса, оның бағасы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне соғұрлым қатты әсер етеді..
  • Инфляциялық тәуекел – бағаның өсуі салдарынан инвестицияның нақты табыстылығының төмендеу қаупі. Инфляция күшейген кезде ақшаның сатып алу қабілеті азаяды, сондықтан инвестициядан түскен табыс күткен нәтижені бермеуі мүмкін. Бұл тәуекел, әсіресе, қолма-қол ақша мен тұрақты табыс әкелетін қаржы құралдары үшін жоғары.
  • Шоғырлану тәуекелі – инвестициялардың басым бөлігін бір ғана бағалы қағазға, секторға немесе елге орналастырудан туындайтын тәуекел. Егер сол эмитентте немесе салада қиындықтар туындаса, бұл бүкіл портфельдің құнына әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай тәуекелді инвестицияларды әртүрлі активтер, салалар мен елдер арасында бөлу арқылы азайтуға болады.
Тәуекел қалай бағаланады? Тәуекелді бағалауда сандық көрсеткіштер кеңінен қолданылады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатыны – волатильділік. Ол активтің немесе инвестициялық портфельдің құны уақыт өте қаншалықты өзгеретінін көрсетеді. Сондай-ақ маңызды көрсеткіштердің бірі – максималды төмендеу. Бұл көрсеткіш актив немесе портфель құнының ең жоғары деңгейден кейінгі ең үлкен төмендеуін көрсетеді. Дегенмен тәуекелді тек сандармен бағалау жеткіліксіз. Инвестор ықтимал тәуекелдерді және олардың инвестиция нәтижесіне тигізетін әсерін де ескеруі қажет. Сондықтан сандық көрсеткіштер инвестициялық құралдарды салыстыруға көмектессе, сапалық бағалау неғұрлым дұрыс әрі негізделген инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жүйелік және жүйелік емес тәуекел

Тәуекелдер негізінен екі түрге бөлінеді. Жүйелік (нарықтық) тәуекел бүкіл нарыққа әсер ететін экономикалық өзгерістерден туындайды. Ал жүйелік емес тәуекел жекелеген компаниялардың немесе белгілі бір саланың қызметіне байланысты болады. Инвестицияларды әртараптандыру жүйелік емес тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді, алайда жүйелік, яғни нарықтық тәуекелді толық жоя алмайды.

 

Инвестордың тәуекел профилі

Тәуекел бейіні – инвестордың тәуекелді қандай деңгейде қабылдауға дайын екенін көрсететін сипаттама. Әдетте инвесторлар консервативті (капиталды сақтауға басымдық береді), теңгерімді (тәуекел мен табыстылықтың тепе-теңдігін ұстанады) және агрессивті (капиталды өсіруге басымдық береді) болып бөлінеді. Тәуекел бейіні инвестициялау мақсатына, мерзіміне, қаржылық жағдайына және тәуекелге деген көзқарасына байланысты қалыптасады. Ең бастысы – өзіңізді дұрыс бағалай білу. Егер таңдаған инвестициялық стратегияңыз сізге жайсыздық тудырып, үнемі алаңдататын болса, уақыт өте келе эмоцияның жетегінде кетіп, асығыс шешім қабылдау ықтималдығы артады.  

Тәуекелсіз мөлшерлеме және тәуекел сыйақысы

Инвестицияның тартымдылығын бағалаудағы бастапқы бағдар – тәуекелсіз мөлшерлеме. Бұл – мемлекеттік облигациялар сияқты ең сенімді қаржы құралдарының табыстылығы (мысалы, АҚШ-тың қазынашылық облигациялары (Treasuries) немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облигациялары). Тәуекелі жоғары активтер инвесторға қосымша табыс ұсынуы тиіс. Мұндай қосымша табыс тәуекел сыйақысы деп аталады және инвестор қабылдайтын тәуекелдің өтемі ретінде қарастырылады. Егер тәуекелі жоғары активтің күтілетін табыстылығы мемлекеттік облигациялардан жоғары болмаса, онда қосымша тәуекелге барудың мәні жоқ. Сондықтан тәуекел сыйақысы тәуекелдің күтілетін табыстылықпен қаншалықты өтелетінін көрсететін маңызды көрсеткіш болып саналады.  

Тәуекелді қалай басқаруға болады?

Тәуекелді толық жою мүмкін емес, бірақ оны тиімді басқаруға болады. Оның ең негізгі тәсілі – әртараптандыру, яғни инвестицияларды әртүрлі активтерге, салаларға, елдерге және валюталарға бөлу. Инвестициялау мерзімі де маңызды рөл атқарады: ұзақ мерзімде нарықтағы қысқа мерзімді құбылулардың әсері әдетте азаяды. Сондай-ақ инвестиция көлемін дұрыс анықтап, өтімді резервтің болғаны маңызды. Ол қолайсыз кезеңдерден сабырмен өтуге де, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалануға да мүмкіндік береді. Бұл тәсілдер тәуекелді толық жоймайды, бірақ оны тиімдірек басқаруға көмектеседі.  

Тәуекелді мақсатыңызға сай таңдаңыз

Ең басты қағида – мақсатыңызға жету үшін қажет мөлшерден артық тәуекелге бармау. Егер консервативті стратегияның өзі алға қойған мақсатыңызға жеткізсе, қосымша табыс үшін тәуекелді арттырудың қажеті жоқ. Тәуекел – өз алдына мақсат емес, инвестициялық мақсатқа жетуге көмектесетін құрал. Сондықтан оны саналы түрде және қажетті деңгейде ғана қабылдау маңызды. Осындай тәсіл инвестициялауды байыпты әрі болжамды үдеріске айналдырады.

 

Тәуекел және инвестициялау мерзімі

Инвестициялауда уақыт – тәуекелді басқаруға көмектесетін маңызды факторлардың бірі. Қысқа мерзімде акция бағасы айтарлықтай құбылуы мүмкін. Алайда ұзақ мерзімде мұндай ауытқулардың әсері біртіндеп азайып, оң нәтиже алу ықтималдығы артады. Сондықтан бір активтің тәуекелі инвестициялау мерзіміне қарай өзгеріп отырады: бір жылға тәуекелі жоғары саналатын актив он бес жылдық инвестиция үшін қолайлы болуы мүмкін. Инвестициялау мерзімі ұзақ болған сайын, нарықтағы уақытша төмендеулерге сабырмен қарау оңайырақ болады.  

Эмоциялар – жасырын тәуекел

Көбіне еленбей қалатын тәуекел – эмоцияның әсерінен туындайтын тәуекел. Нарық төмендеген кезде қорқыныш, ал баға шарықтаған кезде ашкөздік инвесторды активті ең төмен бағамен сатуға және ең жоғары бағамен сатып алуға итермелеуі мүмкін. Соның салдарынан уақытша баға ауытқулары нақты шығынға айналады. Алдын ала жасалған инвестициялық жоспар мен өз тәуекел бейініңізді жақсы түсіну эмоцияға еріп, асығыс шешім қабылдаудан кез келген болжамнан да тиімді қорғайды. Эмоцияны басқара білу де әртараптандыру сияқты тәуекелді басқарудың маңызды бөлігі болып саналады.  

Қысқаша түйін

  • Табыстылық пен тәуекел бір-бірімен тығыз байланысты; тәуекелсіз жоғары табыс болмайды.
  • Тәуекелді бағалау үшін волатильділік пен максималды төмендеу көрсеткіштері пайдаланылады. Сонымен қатар ең қолайсыз сценарийдің ықтимал салдарын алдын ала бағалау да маңызды.
  • Әртараптандыру жүйелік емес тәуекелді азайтады, бірақ жүйелік (нарықтық) тәуекелді толық жоя алмайды.
  • Тәуекел сыйақысы мемлекеттік облигациялардан
  • Тәуекелді әртараптандыру, инвестициялау мерзімі және инвестиция көлемі арқылы басқарыңыз. Тәуекел деңгейі әрқашан инвестициялық мақсатыңызға сай болуы тиіс..

Открыть на сайте

 

Құрметті «SkyBridge Invest» АҚ клиенттері (бұдан әрі – «Компания»),

Соңғы уақытта Компанияның атауы мен қызметкерлерінің атын заңсыз пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.

Сіздерді қырағылық танытып, алынған ақпаратты мұқият тексеруге шақырамыз.

Компанияның тек бір ғана ресми сайты бар екенін хабарлаймыз — https://sbinvest.kz.

Компанияның ресми Telegram арнасы — https://t.me/skybridgeinvest.

Компания атауын пайдаланатын өзге интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар ресми болып табылмайды және Компанияға қатысы жоқ.

Компания құпия деректерді, парольдерді, растау кодтарын сұратпайды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мессенджерлері мен бейресми байланыс арналары арқылы ақша аударуды немесе комиссиялар мен өзге төлемдерді төлеуді талап етпейді.
Күмән туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген Компанияның ресми байланыс арналары арқылы ғана хабарласуыңызды ұсынамыз.

Құрметпен,
«SkyBridge Invest» АҚ