Инвестицияны неден бастау керек: брокерлік шот және алғашқы қадамдар
15 қазан 2025

 «Ағаш отырғызуға ең жақсы уақыт – жиырма жыл бұрын болған. Ал келесі ең жақсы уақыт – дәл бүгін.»

— Халық даналығы
 

Нұсқаулықтың мазмұны

1. Брокерлік шот не үшін қажет?

2. 1-қадам. Қаржылық қауіпсіздік қоры

3. 2-қадам. Мақсат пен инвестициялау мерзімі

4. 3-қадам. Тәуекел деңгейін анықтау

5. Брокерді қалай таңдауға болады

6. Инвестициялық шотты қалай ашуға болады

7. Алғашқы қадам: қарапайым құралдардан бастаңыз

8. Жаңадан бастаған инвесторлардың жиі жіберетін қателіктері және тұрақты инвестициялау

9. Инвестицияны бастау үшін қанша қаражат қажет?

10. Күрделі инвестициялық құралдарды таңдауға асықпаңыз

 

Брокерлік шот не үшін қажет?

Қазақстанда жеке инвесторлар биржада лицензиясы бар брокерлер мен дилерлер арқылы ғана сауда жасай алады. Олар биржадағы саудаға тікелей қатысып, клиенттің тапсырмасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату мәмілелерін жүзеге асырады. Сондықтан инвестициялауды бастаудың алғашқы қадамы – брокерлік шот ашу. Осы шот арқылы сіз қаражат енгізіп, бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату жөнінде тапсырма беріп, инвестициялық портфеліңіздің жай-күйін бақылай аласыз. Қазіргі таңда брокерлік шотты кеңсеге бармай-ақ, қашықтан ашып, инвестициялауды бастауға мүмкіндік бар.
 

1-қадам. Қаржылық қауіпсіздік қоры

Инвестициялауды бастамас бұрын, ең алдымен 3–6 айлық шығынды жабуға жеткілікті қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастырған жөн. Бұл күтпеген жағдайлар туындағанда инвестицияңызды қолайсыз уақытта сатуға мәжбүр болмауға көмектеседі. Сондықтан инвестицияға тек жақын уақытта қажет болмайтын қаражатты ғана бағыттаған дұрыс. Мұндай тәсіл нарықтағы уақытша құбылмалылықты алаңдаушылықтың емес, инвестициялаудың қалыпты бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
 

2-қадам. Мақсат пен инвестициялау мерзімі

Инвестициялау бағалы қағаздарды таңдаудан емес, ең алдымен «Қандай мақсат үшін және қанша уақытқа инвестициялаймын?» деген сұрақтан басталады. Болашаққа қаржылық қор жинау, ірі сатып алу, балалардың оқуына қаражат жинау немесе зейнетақыға дайындалу сияқты мақсаттар мен инвестициялау мерзімі тәуекелдің қолайлы деңгейін анықтайды. Егер қаражат алдағы бір жыл ішінде қажет болуы мүмкін болса, оны бағасы қатты құбылатын активтерге салмаған дұрыс. Ал 15–20 жылға жоспарланған инвестициялар жоғары табысқа қол жеткізу үшін уақытша құбылмалылыққа төзе алады. Дегенмен ұзақ мерзім тәуекелді толық жоймайды, тек оның әсерін азайтады. Сондықтан ұзақ мерзімді инвестициялау әртараптандырумен қатар жүргенде ғана тиімді болады. Ал нақты мақсат пен мерзім болмаса, дұрыс инвестициялық стратегия құру қиын.
 

3-қадам. Тәуекел профиліңізді анықтаңыз

Тәуекел профилі сіздің инвестиция құнының уақытша өзгерістеріне қаржылық және психологиялық тұрғыдан қаншалықты дайын екеніңізді көрсетеді. Консервативті инвесторлар үшін капиталды сақтауға бағытталған облигациялар қолайлы болса, тәуекелге бейім инвесторлар жоғары табысқа қол жеткізу мақсатында портфельдегі акциялардың үлесін арттыруы мүмкін. Өзіңізге: «Егер инвестициялық портфелімнің құны уақытша 20%-ға төмендесе, мен қалай әрекет етемін?» деген сұраққа шынайы жауап беру сізге дұрыс инвестициялық стратегияны таңдап, болашақта эмоцияға берілмеуге көмектеседі.
 

Брокерді қалай таңдауға болады?

Брокерді таңдағанда комиссия мөлшері мен мобильді қосымшаның қолайлылығына ғана емес, ең алдымен оның қолданыстағы лицензиясының бар-жоғына назар аудару қажет. Лицензия компанияның заң талаптарына сай жұмыс істейтінін, реттеуші органның бақылауында екенін және капиталдың жеткіліктілігіне, есептілікке әрі клиенттердің мүддесін қорғауға қатысты талаптарды сақтайтынын растайды. Қазақстанда брокерлерді Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРДҚА) немесе компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында жұмыс істейтін болса, AFSA (Astana Financial Services Authority) реттейді. Сонымен қатар брокердің сізді қызықтыратын нарықтар мен инвестициялық құралдарға қолжетімділік ұсынатынына, клиенттерге қызмет көрсету сапасына және тарифтердің ашықтығына назар аударған жөн. Шот ашпас бұрын брокердің лицензиясының бар екенін және оның мәртебесін АРРДҚА, AFSA немесе FinGramota.kz ресми тізілімдері арқылы өзіңіз тексерген дұрыс. Егер компания ресми тізілімде болмаса, бұл жоғары тәуекелдің маңызды белгісі болып саналады.
 

Инвестициялық шотты қалай ашуға болады

Қазіргі таңда брокерлік шотты ашу көп уақытты қажет етпейді және көбіне қашықтан жүзеге асырылады. Ол үшін өтінім толтырып, жеке басыңызды растаудан өтіп, келісімшартқа қол қою жеткілікті. Осыдан кейін шотқа қаражат аударып, алғашқы инвестициялық мәмілелерді жасауға болады. Қажетті құжаттар мен шот ашу тәртібі таңдалған брокерге байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ көп жағдайда бұл үдерістің барлығын онлайн форматта аяқтауға болады.

Алғашқы инвестициялар: қарапайымнан бастаңыз

Инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қарапайым әрі кеңінен әртараптандырылған құралдарға басымдық берген дұрыс. Акциялар нарығын қайталайтын ETF қорлары мен облигациялар қаржы нарығының қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік береді және көптеген жеке бағалы қағаздарды бірден талдауды қажет етпейді. Сонымен қатар инвестициялаудың ең төменгі сомасын да ескерген жөн. Қазақстандағы көптеген облигациялар жеке инвесторлар үшін қолжетімді болғанымен, кейбір шетелдік облигациялардың ең төменгі сатып алу көлемі жүздеген мың АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Сондықтан аз қаражатпен инвестициялайтындар үшін облигациялық ETF қорлары тиімді балама бола алады. Инвестициялаудың алғашқы кезеңіндегі басты мақсат – «мінсіз» инвестицияны іздеу емес, инвестициялау қағидаларын меңгеріп, тұрақты инвестициялық тәртіп қалыптастыру.

Тұрақты инвестициялау және жаңадан бастаушылардың жиі жіберетін қателіктері

Инвестицияны тұрақты түрде салып отыру – жақсы әдет. Бұл нарыққа дәл қай уақытта кіруге тәуелділікті азайтып, инвестициялық тәртіпті қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар жаңадан бастаған инвесторлар жиі жіберетін қателіктерді де білу маңызды. Олардың қатарына жақын уақытта қажет болуы мүмкін қаражатты инвестициялау, мүмкіндікті жіберіп аламын деген қорқынышпен (FOMO – Fear of Missing Out) шешім қабылдау, тәуекелін толық түсінбей қарыз қаражатты пайдалану, барлық қаражатты бір ғана активке салу және нарықтағы қысқа мерзімді құбылмалылыққа эмоциямен әрекет ету жатады. Көп жағдайда ұзақ мерзімді табыс ең тиімді инвестицияны таңдауға емес, таңдалған стратегияны жүйелі түрде ұстануға байланысты болады.
 

Инвестициялауды бастау үшін қанша қаражат қажет?

Жақсы жаңалық – бүгінде инвестициялауды аз қаражатпен де бастауға болады. Ең бастысы – алғашқы салымның көлемі емес, қаражатты тұрақты түрде инвестициялап, инвестициялық тәртіпті сақтау. Уақыт өте келе жүйелі түрде салынған шағын қаражаттың өзі күрделі пайыздың арқасында елеулі нәтижеге жеткізуі мүмкін. Сондықтан инвестициялауды кейінге қалдырмаған жөн. Көп жағдайда уақыт бастапқы капиталдың көлемінен де маңыздырақ рөл атқарады.
 

Күрделі инвестициялық құралдарды пайдалануға асықпаңыз

Инвестициялауды енді бастағанда жұмыс істеу қағидатын толық түсінбейтін күрделі қаржы құралдарын пайдалануға асықпаған жөн. Оларға маржалық сауда, опциондар және құрылымы күрделі инвестициялық өнімдер жатады. Мұндай құралдар жоғары табыс әкелуі мүмкін болғанымен, тәуекелі де айтарлықтай жоғары, ал тәжірибесі аз инвестор үшін жіберілген қателіктің құны қымбатқа түсуі ықтимал. Сондықтан алдымен инвестициялау негіздерін, әртараптандыру қағидаларын және тәуекелді басқаруды меңгерген дұрыс. Көптеген инвестициялық мақсаттарға жету үшін акциялар, облигациялар және инвестициялық қорлар жеткілікті, ал күрделірек қаржы құралдары қосымша білім мен олардың тәуекелдерін терең түсінуді талап етеді.
 

Қысқаша түйін

  • Бағалы қағаздарды сатып алу үшін лицензияланған брокерден брокерлік шот ашу қажет.
  • Алдымен қаржылық қауіпсіздік қоры, содан кейін инвестиция.
  • Бағалы қағаздарды таңдамас бұрын мақсатыңызды, инвестициялау мерзімін және тәуекелге бейімділігіңізді анықтаңыз.
  • Инвестициялауды қарапайым, әртараптандырылған құралдардан және аз қаражаттан бастаңыз.
  • Қаражатты тұрақты түрде инвестициялаңыз, кредиттік иықты пайдаланудан, хайпқа еріп инвестициялаудан және соңғы қаражатыңызды салудан аулақ болыңыз.
Инвестицияны неден бастау керек: брокерлік шот және алғашқы қадамдар
 «Ағаш отырғызуға ең жақсы уақыт – жиырма жыл бұрын болған. Ал келесі ең жақсы уақыт – дәл бүгін.» — Халық даналығы   Нұсқаулықтың мазмұны 1. Брокерлік шот не үшін қажет? 2. 1-қадам. Қаржылық қауіпсіздік қоры 3. 2-қадам. Мақсат пен инвестициялау мерзімі 4. 3-қадам. Тәуекел деңгейін анықтау 5. Брокерді қалай таңдауға болады 6. Инвестициялық шотты қалай ашуға болады 7. Алғашқы қадам: қарапайым құралдардан бастаңыз 8. Жаңадан бастаған инвесторлардың жиі жіберетін қателіктері және тұрақты инвестициялау 9. Инвестицияны бастау үшін қанша қаражат қажет? 10. Күрделі инвестициялық құралдарды таңдауға асықпаңыз   Брокерлік шот не үшін қажет? Қазақстанда жеке инвесторлар биржада лицензиясы бар брокерлер мен дилерлер арқылы ғана сауда жасай алады. Олар биржадағы саудаға тікелей қатысып, клиенттің тапсырмасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату мәмілелерін жүзеге асырады. Сондықтан инвестициялауды бастаудың алғашқы қадамы – брокерлік шот ашу. Осы шот арқылы сіз қаражат енгізіп, бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату жөнінде тапсырма беріп, инвестициялық портфеліңіздің жай-күйін бақылай аласыз. Қазіргі таңда брокерлік шотты кеңсеге бармай-ақ, қашықтан ашып, инвестициялауды бастауға мүмкіндік бар.   1-қадам. Қаржылық қауіпсіздік қоры Инвестициялауды бастамас бұрын, ең алдымен 3–6 айлық шығынды жабуға жеткілікті қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастырған жөн. Бұл күтпеген жағдайлар туындағанда инвестицияңызды қолайсыз уақытта сатуға мәжбүр болмауға көмектеседі. Сондықтан инвестицияға тек жақын уақытта қажет болмайтын қаражатты ғана бағыттаған дұрыс. Мұндай тәсіл нарықтағы уақытша құбылмалылықты алаңдаушылықтың емес, инвестициялаудың қалыпты бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.   2-қадам. Мақсат пен инвестициялау мерзімі Инвестициялау бағалы қағаздарды таңдаудан емес, ең алдымен «Қандай мақсат үшін және қанша уақытқа инвестициялаймын?» деген сұрақтан басталады. Болашаққа қаржылық қор жинау, ірі сатып алу, балалардың оқуына қаражат жинау немесе зейнетақыға дайындалу сияқты мақсаттар мен инвестициялау мерзімі тәуекелдің қолайлы деңгейін анықтайды. Егер қаражат алдағы бір жыл ішінде қажет болуы мүмкін болса, оны бағасы қатты құбылатын активтерге салмаған дұрыс. Ал 15–20 жылға жоспарланған инвестициялар жоғары табысқа қол жеткізу үшін уақытша құбылмалылыққа төзе алады. Дегенмен ұзақ мерзім тәуекелді толық жоймайды, тек оның әсерін азайтады. Сондықтан ұзақ мерзімді инвестициялау әртараптандырумен қатар жүргенде ғана тиімді болады. Ал нақты мақсат пен мерзім болмаса, дұрыс инвестициялық стратегия құру қиын.   3-қадам. Тәуекел профиліңізді анықтаңыз Тәуекел профилі сіздің инвестиция құнының уақытша өзгерістеріне қаржылық және психологиялық тұрғыдан қаншалықты дайын екеніңізді көрсетеді. Консервативті инвесторлар үшін капиталды сақтауға бағытталған облигациялар қолайлы болса, тәуекелге бейім инвесторлар жоғары табысқа қол жеткізу мақсатында портфельдегі акциялардың үлесін арттыруы мүмкін. Өзіңізге: «Егер инвестициялық портфелімнің құны уақытша 20%-ға төмендесе, мен қалай әрекет етемін?» деген сұраққа шынайы жауап беру сізге дұрыс инвестициялық стратегияны таңдап, болашақта эмоцияға берілмеуге көмектеседі.   Брокерді қалай таңдауға болады? Брокерді таңдағанда комиссия мөлшері мен мобильді қосымшаның қолайлылығына ғана емес, ең алдымен оның қолданыстағы лицензиясының бар-жоғына назар аудару қажет. Лицензия компанияның заң талаптарына сай жұмыс істейтінін, реттеуші органның бақылауында екенін және капиталдың жеткіліктілігіне, есептілікке әрі клиенттердің мүддесін қорғауға қатысты талаптарды сақтайтынын растайды. Қазақстанда брокерлерді Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРДҚА) немесе компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында жұмыс істейтін болса, AFSA (Astana Financial Services Authority) реттейді. Сонымен қатар брокердің сізді қызықтыратын нарықтар мен инвестициялық құралдарға қолжетімділік ұсынатынына, клиенттерге қызмет көрсету сапасына және тарифтердің ашықтығына назар аударған жөн. Шот ашпас бұрын брокердің лицензиясының бар екенін және оның мәртебесін АРРДҚА, AFSA немесе FinGramota.kz ресми тізілімдері арқылы өзіңіз тексерген дұрыс. Егер компания ресми тізілімде болмаса, бұл жоғары тәуекелдің маңызды белгісі болып саналады.   Инвестициялық шотты қалай ашуға болады Қазіргі таңда брокерлік шотты ашу көп уақытты қажет етпейді және көбіне қашықтан жүзеге асырылады. Ол үшін өтінім толтырып, жеке басыңызды растаудан өтіп, келісімшартқа қол қою жеткілікті. Осыдан кейін шотқа қаражат аударып, алғашқы инвестициялық мәмілелерді жасауға болады. Қажетті құжаттар мен шот ашу тәртібі таңдалған брокерге байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ көп жағдайда бұл үдерістің барлығын онлайн форматта аяқтауға болады. Алғашқы инвестициялар: қарапайымнан бастаңыз Инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қарапайым әрі кеңінен әртараптандырылған құралдарға басымдық берген дұрыс. Акциялар нарығын қайталайтын ETF қорлары мен облигациялар қаржы нарығының қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік береді және көптеген жеке бағалы қағаздарды бірден талдауды қажет етпейді. Сонымен қатар инвестициялаудың ең төменгі сомасын да ескерген жөн. Қазақстандағы көптеген облигациялар жеке инвесторлар үшін қолжетімді болғанымен, кейбір шетелдік облигациялардың ең төменгі сатып алу көлемі жүздеген мың АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Сондықтан аз қаражатпен инвестициялайтындар үшін облигациялық ETF қорлары тиімді балама бола алады. Инвестициялаудың алғашқы кезеңіндегі басты мақсат – «мінсіз» инвестицияны іздеу емес, инвестициялау қағидаларын меңгеріп, тұрақты инвестициялық тәртіп қалыптастыру. Тұрақты инвестициялау және жаңадан бастаушылардың жиі жіберетін қателіктері Инвестицияны тұрақты түрде салып отыру – жақсы әдет. Бұл нарыққа дәл қай уақытта кіруге тәуелділікті азайтып, инвестициялық тәртіпті қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар жаңадан бастаған инвесторлар жиі жіберетін қателіктерді де білу маңызды. Олардың қатарына жақын уақытта қажет болуы мүмкін қаражатты инвестициялау, мүмкіндікті жіберіп аламын деген қорқынышпен (FOMO – Fear of Missing Out) шешім қабылдау, тәуекелін толық түсінбей қарыз қаражатты пайдалану, барлық қаражатты бір ғана активке салу және нарықтағы қысқа мерзімді құбылмалылыққа эмоциямен әрекет ету жатады. Көп жағдайда ұзақ мерзімді табыс ең тиімді инвестицияны таңдауға емес, таңдалған стратегияны жүйелі түрде ұстануға байланысты болады.   Инвестициялауды бастау үшін қанша қаражат қажет? Жақсы жаңалық – бүгінде инвестициялауды аз қаражатпен де бастауға болады. Ең бастысы – алғашқы салымның көлемі емес, қаражатты тұрақты түрде инвестициялап, инвестициялық тәртіпті сақтау. Уақыт өте келе жүйелі түрде салынған шағын қаражаттың өзі күрделі пайыздың арқасында елеулі нәтижеге жеткізуі мүмкін. Сондықтан инвестициялауды кейінге қалдырмаған жөн. Көп жағдайда уақыт бастапқы капиталдың көлемінен де маңыздырақ рөл атқарады.   Күрделі инвестициялық құралдарды пайдалануға асықпаңыз Инвестициялауды енді бастағанда жұмыс істеу қағидатын толық түсінбейтін күрделі қаржы құралдарын пайдалануға асықпаған жөн. Оларға маржалық сауда, опциондар және құрылымы күрделі инвестициялық өнімдер жатады. Мұндай құралдар жоғары табыс әкелуі мүмкін болғанымен, тәуекелі де айтарлықтай жоғары, ал тәжірибесі аз инвестор үшін жіберілген қателіктің құны қымбатқа түсуі ықтимал. Сондықтан алдымен инвестициялау негіздерін, әртараптандыру қағидаларын және тәуекелді басқаруды меңгерген дұрыс. Көптеген инвестициялық мақсаттарға жету үшін акциялар, облигациялар және инвестициялық қорлар жеткілікті, ал күрделірек қаржы құралдары қосымша білім мен олардың тәуекелдерін терең түсінуді талап етеді.   Қысқаша түйін Бағалы қағаздарды сатып алу үшін лицензияланған брокерден брокерлік шот ашу қажет. Алдымен қаржылық қауіпсіздік қоры, содан кейін инвестиция. Бағалы қағаздарды таңдамас бұрын мақсатыңызды, инвестициялау мерзімін және тәуекелге бейімділігіңізді анықтаңыз. Инвестициялауды қарапайым, әртараптандырылған құралдардан және аз қаражаттан бастаңыз. Қаражатты тұрақты түрде инвестициялаңыз, кредиттік иықты пайдаланудан, хайпқа еріп инвестициялаудан және соңғы қаражатыңызды салудан аулақ болыңыз.

 «Ағаш отырғызуға ең жақсы уақыт – жиырма жыл бұрын болған. Ал келесі ең жақсы уақыт – дәл бүгін.»

— Халық даналығы  

Нұсқаулықтың мазмұны

1. Брокерлік шот не үшін қажет?

2. 1-қадам. Қаржылық қауіпсіздік қоры

3. 2-қадам. Мақсат пен инвестициялау мерзімі

4. 3-қадам. Тәуекел деңгейін анықтау

5. Брокерді қалай таңдауға болады

6. Инвестициялық шотты қалай ашуға болады

7. Алғашқы қадам: қарапайым құралдардан бастаңыз

8. Жаңадан бастаған инвесторлардың жиі жіберетін қателіктері және тұрақты инвестициялау

9. Инвестицияны бастау үшін қанша қаражат қажет?

10. Күрделі инвестициялық құралдарды таңдауға асықпаңыз

 

Брокерлік шот не үшін қажет?

Қазақстанда жеке инвесторлар биржада лицензиясы бар брокерлер мен дилерлер арқылы ғана сауда жасай алады. Олар биржадағы саудаға тікелей қатысып, клиенттің тапсырмасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату мәмілелерін жүзеге асырады. Сондықтан инвестициялауды бастаудың алғашқы қадамы – брокерлік шот ашу. Осы шот арқылы сіз қаражат енгізіп, бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату жөнінде тапсырма беріп, инвестициялық портфеліңіздің жай-күйін бақылай аласыз. Қазіргі таңда брокерлік шотты кеңсеге бармай-ақ, қашықтан ашып, инвестициялауды бастауға мүмкіндік бар.  

1-қадам. Қаржылық қауіпсіздік қоры

Инвестициялауды бастамас бұрын, ең алдымен 3–6 айлық шығынды жабуға жеткілікті қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастырған жөн. Бұл күтпеген жағдайлар туындағанда инвестицияңызды қолайсыз уақытта сатуға мәжбүр болмауға көмектеседі. Сондықтан инвестицияға тек жақын уақытта қажет болмайтын қаражатты ғана бағыттаған дұрыс. Мұндай тәсіл нарықтағы уақытша құбылмалылықты алаңдаушылықтың емес, инвестициялаудың қалыпты бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.  

2-қадам. Мақсат пен инвестициялау мерзімі

Инвестициялау бағалы қағаздарды таңдаудан емес, ең алдымен «Қандай мақсат үшін және қанша уақытқа инвестициялаймын?» деген сұрақтан басталады. Болашаққа қаржылық қор жинау, ірі сатып алу, балалардың оқуына қаражат жинау немесе зейнетақыға дайындалу сияқты мақсаттар мен инвестициялау мерзімі тәуекелдің қолайлы деңгейін анықтайды. Егер қаражат алдағы бір жыл ішінде қажет болуы мүмкін болса, оны бағасы қатты құбылатын активтерге салмаған дұрыс. Ал 15–20 жылға жоспарланған инвестициялар жоғары табысқа қол жеткізу үшін уақытша құбылмалылыққа төзе алады. Дегенмен ұзақ мерзім тәуекелді толық жоймайды, тек оның әсерін азайтады. Сондықтан ұзақ мерзімді инвестициялау әртараптандырумен қатар жүргенде ғана тиімді болады. Ал нақты мақсат пен мерзім болмаса, дұрыс инвестициялық стратегия құру қиын.  

3-қадам. Тәуекел профиліңізді анықтаңыз

Тәуекел профилі сіздің инвестиция құнының уақытша өзгерістеріне қаржылық және психологиялық тұрғыдан қаншалықты дайын екеніңізді көрсетеді. Консервативті инвесторлар үшін капиталды сақтауға бағытталған облигациялар қолайлы болса, тәуекелге бейім инвесторлар жоғары табысқа қол жеткізу мақсатында портфельдегі акциялардың үлесін арттыруы мүмкін. Өзіңізге: «Егер инвестициялық портфелімнің құны уақытша 20%-ға төмендесе, мен қалай әрекет етемін?» деген сұраққа шынайы жауап беру сізге дұрыс инвестициялық стратегияны таңдап, болашақта эмоцияға берілмеуге көмектеседі.  

Брокерді қалай таңдауға болады?

Брокерді таңдағанда комиссия мөлшері мен мобильді қосымшаның қолайлылығына ғана емес, ең алдымен оның қолданыстағы лицензиясының бар-жоғына назар аудару қажет. Лицензия компанияның заң талаптарына сай жұмыс істейтінін, реттеуші органның бақылауында екенін және капиталдың жеткіліктілігіне, есептілікке әрі клиенттердің мүддесін қорғауға қатысты талаптарды сақтайтынын растайды. Қазақстанда брокерлерді Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРДҚА) немесе компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында жұмыс істейтін болса, AFSA (Astana Financial Services Authority) реттейді. Сонымен қатар брокердің сізді қызықтыратын нарықтар мен инвестициялық құралдарға қолжетімділік ұсынатынына, клиенттерге қызмет көрсету сапасына және тарифтердің ашықтығына назар аударған жөн. Шот ашпас бұрын брокердің лицензиясының бар екенін және оның мәртебесін АРРДҚА, AFSA немесе FinGramota.kz ресми тізілімдері арқылы өзіңіз тексерген дұрыс. Егер компания ресми тізілімде болмаса, бұл жоғары тәуекелдің маңызды белгісі болып саналады.  

Инвестициялық шотты қалай ашуға болады

Қазіргі таңда брокерлік шотты ашу көп уақытты қажет етпейді және көбіне қашықтан жүзеге асырылады. Ол үшін өтінім толтырып, жеке басыңызды растаудан өтіп, келісімшартқа қол қою жеткілікті. Осыдан кейін шотқа қаражат аударып, алғашқы инвестициялық мәмілелерді жасауға болады. Қажетті құжаттар мен шот ашу тәртібі таңдалған брокерге байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ көп жағдайда бұл үдерістің барлығын онлайн форматта аяқтауға болады.

Алғашқы инвестициялар: қарапайымнан бастаңыз

Инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қарапайым әрі кеңінен әртараптандырылған құралдарға басымдық берген дұрыс. Акциялар нарығын қайталайтын ETF қорлары мен облигациялар қаржы нарығының қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік береді және көптеген жеке бағалы қағаздарды бірден талдауды қажет етпейді. Сонымен қатар инвестициялаудың ең төменгі сомасын да ескерген жөн. Қазақстандағы көптеген облигациялар жеке инвесторлар үшін қолжетімді болғанымен, кейбір шетелдік облигациялардың ең төменгі сатып алу көлемі жүздеген мың АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Сондықтан аз қаражатпен инвестициялайтындар үшін облигациялық ETF қорлары тиімді балама бола алады. Инвестициялаудың алғашқы кезеңіндегі басты мақсат – «мінсіз» инвестицияны іздеу емес, инвестициялау қағидаларын меңгеріп, тұрақты инвестициялық тәртіп қалыптастыру.

Тұрақты инвестициялау және жаңадан бастаушылардың жиі жіберетін қателіктері Инвестицияны тұрақты түрде салып отыру – жақсы әдет. Бұл нарыққа дәл қай уақытта кіруге тәуелділікті азайтып, инвестициялық тәртіпті қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар жаңадан бастаған инвесторлар жиі жіберетін қателіктерді де білу маңызды. Олардың қатарына жақын уақытта қажет болуы мүмкін қаражатты инвестициялау, мүмкіндікті жіберіп аламын деген қорқынышпен (FOMO – Fear of Missing Out) шешім қабылдау, тәуекелін толық түсінбей қарыз қаражатты пайдалану, барлық қаражатты бір ғана активке салу және нарықтағы қысқа мерзімді құбылмалылыққа эмоциямен әрекет ету жатады. Көп жағдайда ұзақ мерзімді табыс ең тиімді инвестицияны таңдауға емес, таңдалған стратегияны жүйелі түрде ұстануға байланысты болады.  

Инвестициялауды бастау үшін қанша қаражат қажет?

Жақсы жаңалық – бүгінде инвестициялауды аз қаражатпен де бастауға болады. Ең бастысы – алғашқы салымның көлемі емес, қаражатты тұрақты түрде инвестициялап, инвестициялық тәртіпті сақтау. Уақыт өте келе жүйелі түрде салынған шағын қаражаттың өзі күрделі пайыздың арқасында елеулі нәтижеге жеткізуі мүмкін. Сондықтан инвестициялауды кейінге қалдырмаған жөн. Көп жағдайда уақыт бастапқы капиталдың көлемінен де маңыздырақ рөл атқарады.  

Күрделі инвестициялық құралдарды пайдалануға асықпаңыз

Инвестициялауды енді бастағанда жұмыс істеу қағидатын толық түсінбейтін күрделі қаржы құралдарын пайдалануға асықпаған жөн. Оларға маржалық сауда, опциондар және құрылымы күрделі инвестициялық өнімдер жатады. Мұндай құралдар жоғары табыс әкелуі мүмкін болғанымен, тәуекелі де айтарлықтай жоғары, ал тәжірибесі аз инвестор үшін жіберілген қателіктің құны қымбатқа түсуі ықтимал. Сондықтан алдымен инвестициялау негіздерін, әртараптандыру қағидаларын және тәуекелді басқаруды меңгерген дұрыс. Көптеген инвестициялық мақсаттарға жету үшін акциялар, облигациялар және инвестициялық қорлар жеткілікті, ал күрделірек қаржы құралдары қосымша білім мен олардың тәуекелдерін терең түсінуді талап етеді.  

Қысқаша түйін

  • Бағалы қағаздарды сатып алу үшін лицензияланған брокерден брокерлік шот ашу қажет.
  • Алдымен қаржылық қауіпсіздік қоры, содан кейін инвестиция.
  • Бағалы қағаздарды таңдамас бұрын мақсатыңызды, инвестициялау мерзімін және тәуекелге бейімділігіңізді анықтаңыз.
  • Инвестициялауды қарапайым, әртараптандырылған құралдардан және аз қаражаттан бастаңыз.
  • Қаражатты тұрақты түрде инвестициялаңыз, кредиттік иықты пайдаланудан, хайпқа еріп инвестициялаудан және соңғы қаражатыңызды салудан аулақ болыңыз.

Открыть на сайте

 

Құрметті «SkyBridge Invest» АҚ клиенттері (бұдан әрі – «Компания»),

Соңғы уақытта Компанияның атауы мен қызметкерлерінің атын заңсыз пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.

Сіздерді қырағылық танытып, алынған ақпаратты мұқият тексеруге шақырамыз.

Компанияның тек бір ғана ресми сайты бар екенін хабарлаймыз — https://sbinvest.kz.

Компанияның ресми Telegram арнасы — https://t.me/skybridgeinvest.

Компания атауын пайдаланатын өзге интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар ресми болып табылмайды және Компанияға қатысы жоқ.

Компания құпия деректерді, парольдерді, растау кодтарын сұратпайды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мессенджерлері мен бейресми байланыс арналары арқылы ақша аударуды немесе комиссиялар мен өзге төлемдерді төлеуді талап етпейді.
Күмән туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген Компанияның ресми байланыс арналары арқылы ғана хабарласуыңызды ұсынамыз.

Құрметпен,
«SkyBridge Invest» АҚ