Қаржы нарықтарының түрлері
14 қазан 2025

««Қысқа мерзімде нарықты эмоция басқарады, ал ұзақ мерзімде оның шынайы құны көрінеді.»— Бенджамин Грэм

Қысқа мерзімде акция бағасына көбіне инвесторлардың көңіл күйі мен эмоциясы әсер етеді. Ал уақыт өте келе компанияның нақты қаржылық жағдайы, табысы және бизнесінің құны шешуші рөл атқарады.
 

Нұсқаулықтың мазмұны

1. Қаржы нарығы дегеніміз не?

2. Қор нарығы

3. Борыштық нарық

4. Ақша нарығы

5. Валюта нарығы

6. Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер)

7. Тауар нарығы

8. Бастапқы және қайталама нарық

9. Бастапқы және қайталама нарық

10. Қазақстандағы қаржы нарықтары

11. Биржалық индекстер

12. Криптовалюта нарығы

13. Қаржы нарықтарының өзара байланысы

14. Жаңадан бастаған инвестор қай нарықтан бастауы керек?

 

Қаржы нарығы ұғымы

Қаржы нарығы – бос қаражаты бар инвесторлар мен қаржыға мұқтаж компаниялар мен мемлекетті байланыстыратын жүйе. Осы нарық арқылы жинақталған қаражат экономикаға бағытталады, ал инвесторлар өз қаражатын көбейтуге мүмкіндік алады. Қаржы нарығы бірнеше түрге бөлінеді. Олар бір-бірінен қандай қаржы құралдары сатылатынына және инвестицияның мерзіміне қарай ерекшеленеді.
 

Қор нарығы

Ең танымал сегменттердің бірі – акциялар мен облигациялар нарығы. Акция инвесторға компанияның үлесіне иелік етуге және оның табысының бір бөлігін алуға мүмкіндік береді. Ал облигация – эмитент белгілі бір мерзім ішінде пайыз төлеп, мерзімі аяқталған соң негізгі қарыз сомасын қайтаратын борыштық бағалы қағаз. Қор нарығы компанияларға өз қызметін дамыту үшін қаражат тартуға мүмкіндік береді, ал инвесторларға компанияның үлесіне иелік етуге немесе оған қарыз беріп, табыс табуға жол ашады. Көптеген жеке инвесторлар инвестициялауды дәл осы қор нарығынан бастайды.
 

Борыштық нарық

Борыштық нарық – мемлекет пен компаниялар шығаратын облигациялар айналымға түсетін нарық. Облигацияны сатып алған инвестор эмитентке белгілі бір мерзімге қарызға ақша береді. Оның орнына эмитент пайыз төлейді, ал мерзімі аяқталған кезде салынған қаражатты толық қайтарады. Сондықтан борыштық нарық консервативті инвестициялық портфельдің маңызды бөлігі саналады. Мұндағы табыс, әдетте, акциялармен салыстырғанда тұрақтырақ әрі болжамды болады.
 

Ақша нарығы

Ақша нарығы – қысқа мерзімді қаржы құралдары айналымға түсетін қаржы нарығының бір бөлігі. Ол қаржы жүйесіндегі өтімділікті басқаруда және қысқа мерзімді пайыздық мөлшерлемелердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Инвесторлар үшін бұл – бос қаражатты жоғары өтімділікпен және салыстырмалы түрде төмен тәуекелмен орналастырудың тиімді тәсілдерінің бірі.
 

Валюта нарығы

 Валюта нарығы (Forex) – әртүрлі валюталар сатып алынып, сатылатын және олардың айырбас бағамы қалыптасатын қаржы нарығы. Ол халықаралық саудада, инвестицияда және елдер арасындағы капитал қозғалысында маңызды рөл атқарады. Инвестор үшін валюта нарығы – активтердің бір бөлігін тұрақты шетел валютасында сақтап, портфельді әртараптандырудың бір жолы. Сонымен қатар валюта бағамының өзгеруі шетелдік активтердің құнына әсер ететіндіктен, белгілі бір тәуекел де туындайды.

Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер)

Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер) – фьючерстер мен опциондар сияқты туынды қаржы құралдары айналымға түсетін нарық. Бұл құралдардың құны акциялар, индекстер, валюталар немесе тауарлар сияқты базалық активтердің бағасына байланысты болады. Деривативтер тәуекелді азайтуға (хеджирлеуге), инвестициялық позицияларды басқаруға және түрлі сауда стратегияларын жүзеге асыруға қолданылады. Алайда бұл нарық басқа қаржы нарықтарына қарағанда күрделірек болғандықтан, ондағы құралдардың ерекшеліктері мен тәуекелдерін жақсы түсінуді талап етеді.

Тауар нарығы

Тауар нарығында мұнай, табиғи газ, алтын, өнеркәсіптік металдар және ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты шикізат тауарлары саудаланады. Инвесторлар бұл нарыққа көбіне фьючерстер, шикізат өндіретін компаниялардың акциялары немесе биржалық инвестициялық қорлар (ETF) арқылы қатысады. Қазақстан үшін тауар нарығындағы баға өзгерісі ерекше маңызды, өйткені мұнай мен металдардың бағасы елдің экспорттық кірістеріне, мемлекеттік бюджетке және теңге бағамына тікелей әсер етеді.

Бастапқы және қайталама нарық

Кез келген бағалы қағаздың айналымы бастапқы нарықтан басталады. Бұл жерде акциялар IPO арқылы, ал облигациялар бастапқы орналастыру кезінде инвесторларға ұсынылады. Осы кезеңде тартылған қаражат тікелей эмитентке түседі. Орналастыру аяқталғаннан кейін бағалы қағаздар қайталама нарықта айналысқа шығады. Мұнда инвесторлар оларды бір-біріне сатып алып, сатады, ал эмитент бұл мәмілелерге қатыспайды. Қайталама нарық бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді және биржадағы сауда-саттықтың негізгі бөлігі дәл осы нарықта жүзеге асырылады.

Биржалық және биржадан тыс нарық

Бағалы қағаздармен мәмілелер биржада да, биржадан тыс нарықта (OTC) да жасалуы мүмкін. Биржада сауда белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі, баға ашық қалыптасады және есеп айырысу орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады. Ал биржадан тыс нарықта мәмілелер қатысушылар арасында тікелей немесе делдалдардың көмегімен жасалады. Биржалық нарық, әдетте, өтімділігі мен ашықтығы жоғары болады. Ал биржадан тыс нарық ұйымдастырылған сауда алаңдарында әрдайым қолжетімді бола бермейтін қаржы құралдарымен мәміле жасауға мүмкіндік береді.
 

Қазақстандағы қаржы нарықтары

Қазақстанда инвесторлар екі негізгі нарықтық инфрақұрылым арқылы инвестициялай алады. Біріншісі – ұлттық қаржы нарығы. Мұнда сауда-саттық Қазақстан қор биржасында (KASE) жүтаргізіледі, бағалы қағаздарды есепке алу мен сақтауды Орталық депозитарий қамтамасыз етеді, ал қаржы нарығының қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРДҚА) қадағалайды. Екіншісі – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) инфрақұрылымы. Бұл жүйе ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген. Сауда Astana International Exchange (AIX) биржасында жүзеге асырылады, активтерді есепке алу және сақтау қызметін AIX CSD (Central Securities Depository) атқарады, ал нарықты AFSA (Astana Financial Services Authority) реттейді. Осылайша, екі инфрақұрылымның да өз биржасы, депозитарийі және реттеуші органы бар. Жеке инвесторлар екі нарыққа да брокерлер арқылы қол жеткізіп, өздеріне қолайлы инвестициялық құралдарды пайдалана алады.
 

Биржалық индекстер: нарықтың барометрі

Биржалық индекстер туралы да білу маңызды. Биржалық индекс – белгілі бір нарықтың немесе оның бір бөлігінің жалпы жағдайын көрсететін акциялар қоржыны. Оның көмегімен әрбір акцияны жеке-жеке бақыламай-ақ, нарықтағы жалпы үрдіс пен инвесторлардың көңіл күйін бағалауға болады. Қазақстанда негізгі индикаторлар ретінде KASE индексі мен AIX биржасының индексі қолданылады, ал АҚШ-та ең танымал индекстердің бірі – S&P 500. Көптеген инвесторлар жекелеген акцияларды емес, осы индекстерді қайталайтын биржалық инвестициялық қорларға (ETF) қаржы салады. Бұл бір ғана құрал арқылы портфельді кеңінен әртараптандыруға мүмкіндік береді.
 

Криптовалюта нарығы

Соңғы жылдары криптовалюта нарығы да қарқынды дамып келеді. Бұл – өз инфрақұрылымы бар және бағасы өте құбылмалы нарық. Ол жоғары табыс табу мүмкіндігімен қызықтырады, бірақ тәуекелі де айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар бұл саладағы құқықтық реттеу әлі де қалыптасу кезеңінде. Сондықтан жаңадан бастаған инвесторларға криптовалюталарға аса сақтықпен қараған жөн және тек жоғалтуға дайын қаражатты ғана инвестициялау ұсынылады.
 

Нарық сегменттері бір-бірімен қалай байланысты?

Қаржы нарықтары бір-бірінен бөлек жұмыс істемейді, керісінше, өзара тығыз байланысты. Мысалы, орталық банктің пайыздық мөлшерлеме бойынша қабылдаған шешімі облигациялардың бағасына (борыштық нарық), РЕПО мәмілелері бойынша мөлшерлемелерге және қысқа мерзімді ақша құнына (ақша нарығы), валюта бағамына (валюта нарығы), сондай-ақ акциялардың бағасына (қор нарығы) әсер етеді. Ал шикізат бағасының өзгеруі (тауар нарығы) көбіне шикізат экспорттайтын елдердің валюталарының бағамына ықпал жасайды. Сондықтан тәжірибелі инвестор әрбір нарықты жеке емес, олардың өзара байланысын ескере отырып бағалайды. Осындай байланыстарды түсіну нарықтағы баға қозғалысының себептерін дұрыс түсіндіруге көмектеседі.
 

Жаңадан бастаған инвестор үшін қай нарық қолайлы?

Көптеген жаңадан бастаған инвесторлар үшін қор нарығы инвестициялауға алғашқы қадам болып табылады. Бастапқы кезеңде кеңінен әртараптандырылған құралдарға басымдық берген жөн. Оларға акциялар мен облигациялардың кең нарығына инвестициялайтын ETF қорлары, сондай-ақ жеке облигациялар жатады. Мұндай құралдар қаржы нарықтарының жұмыс істеу қағидаларын, әртараптандырудың маңызын және тәуекелді басқару негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Ал туынды қаржы құралдары, жекелеген тауарлық стратегиялар мен криптоактивтер сияқты күрделірек инвестициялық құралдар қосымша дайындықты және олармен байланысты тәуекелдерді жақсы түсінуді талап етеді. Инвестициялық құралдарды біртіндеп меңгеру қателік жіберу ықтималдығын азайтып, инвестициялық тәртіпті қалыптастыруға көмектеседі.
 

Қысқаша түйін

  • Қаржы нарығы бос капиталы бар инвесторлар мен қаржыға мұқтаж компаниялар мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
  • Қаржы нарығының негізгі сегменттері: қор нарығы, борыштық нарық, ақша нарығы, валюта нарығы, туынды қаржы құралдары нарығы және тауар нарығы.
  • Бағалы қағаздар алдымен бастапқы нарықта орналастырылады, кейін қайталама нарықта еркін саудаланады.
  • Биржалық нарық биржадан тыс нарыққа қарағанда ашықтығы мен сенімділігі жоғары.

Қазақстандағы негізгі сауда алаңдары – KASE және AIX биржалары. Бұл нарықтарға инвесторлар брокерлер арқылы қол жеткізе алады.

Қаржы нарықтарының түрлері
««Қысқа мерзімде нарықты эмоция басқарады, ал ұзақ мерзімде оның шынайы құны көрінеді.»— Бенджамин Грэм Қысқа мерзімде акция бағасына көбіне инвесторлардың көңіл күйі мен эмоциясы әсер етеді. Ал уақыт өте келе компанияның нақты қаржылық жағдайы, табысы және бизнесінің құны шешуші рөл атқарады.   Нұсқаулықтың мазмұны 1. Қаржы нарығы дегеніміз не? 2. Қор нарығы 3. Борыштық нарық 4. Ақша нарығы 5. Валюта нарығы 6. Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер) 7. Тауар нарығы 8. Бастапқы және қайталама нарық 9. Бастапқы және қайталама нарық 10. Қазақстандағы қаржы нарықтары 11. Биржалық индекстер 12. Криптовалюта нарығы 13. Қаржы нарықтарының өзара байланысы 14. Жаңадан бастаған инвестор қай нарықтан бастауы керек?   Қаржы нарығы ұғымы Қаржы нарығы – бос қаражаты бар инвесторлар мен қаржыға мұқтаж компаниялар мен мемлекетті байланыстыратын жүйе. Осы нарық арқылы жинақталған қаражат экономикаға бағытталады, ал инвесторлар өз қаражатын көбейтуге мүмкіндік алады. Қаржы нарығы бірнеше түрге бөлінеді. Олар бір-бірінен қандай қаржы құралдары сатылатынына және инвестицияның мерзіміне қарай ерекшеленеді.   Қор нарығы Ең танымал сегменттердің бірі – акциялар мен облигациялар нарығы. Акция инвесторға компанияның үлесіне иелік етуге және оның табысының бір бөлігін алуға мүмкіндік береді. Ал облигация – эмитент белгілі бір мерзім ішінде пайыз төлеп, мерзімі аяқталған соң негізгі қарыз сомасын қайтаратын борыштық бағалы қағаз. Қор нарығы компанияларға өз қызметін дамыту үшін қаражат тартуға мүмкіндік береді, ал инвесторларға компанияның үлесіне иелік етуге немесе оған қарыз беріп, табыс табуға жол ашады. Көптеген жеке инвесторлар инвестициялауды дәл осы қор нарығынан бастайды.   Борыштық нарық Борыштық нарық – мемлекет пен компаниялар шығаратын облигациялар айналымға түсетін нарық. Облигацияны сатып алған инвестор эмитентке белгілі бір мерзімге қарызға ақша береді. Оның орнына эмитент пайыз төлейді, ал мерзімі аяқталған кезде салынған қаражатты толық қайтарады. Сондықтан борыштық нарық консервативті инвестициялық портфельдің маңызды бөлігі саналады. Мұндағы табыс, әдетте, акциялармен салыстырғанда тұрақтырақ әрі болжамды болады.   Ақша нарығы Ақша нарығы – қысқа мерзімді қаржы құралдары айналымға түсетін қаржы нарығының бір бөлігі. Ол қаржы жүйесіндегі өтімділікті басқаруда және қысқа мерзімді пайыздық мөлшерлемелердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Инвесторлар үшін бұл – бос қаражатты жоғары өтімділікпен және салыстырмалы түрде төмен тәуекелмен орналастырудың тиімді тәсілдерінің бірі.   Валюта нарығы  Валюта нарығы (Forex) – әртүрлі валюталар сатып алынып, сатылатын және олардың айырбас бағамы қалыптасатын қаржы нарығы. Ол халықаралық саудада, инвестицияда және елдер арасындағы капитал қозғалысында маңызды рөл атқарады. Инвестор үшін валюта нарығы – активтердің бір бөлігін тұрақты шетел валютасында сақтап, портфельді әртараптандырудың бір жолы. Сонымен қатар валюта бағамының өзгеруі шетелдік активтердің құнына әсер ететіндіктен, белгілі бір тәуекел де туындайды. Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер) Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер) – фьючерстер мен опциондар сияқты туынды қаржы құралдары айналымға түсетін нарық. Бұл құралдардың құны акциялар, индекстер, валюталар немесе тауарлар сияқты базалық активтердің бағасына байланысты болады. Деривативтер тәуекелді азайтуға (хеджирлеуге), инвестициялық позицияларды басқаруға және түрлі сауда стратегияларын жүзеге асыруға қолданылады. Алайда бұл нарық басқа қаржы нарықтарына қарағанда күрделірек болғандықтан, ондағы құралдардың ерекшеліктері мен тәуекелдерін жақсы түсінуді талап етеді. Тауар нарығы Тауар нарығында мұнай, табиғи газ, алтын, өнеркәсіптік металдар және ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты шикізат тауарлары саудаланады. Инвесторлар бұл нарыққа көбіне фьючерстер, шикізат өндіретін компаниялардың акциялары немесе биржалық инвестициялық қорлар (ETF) арқылы қатысады. Қазақстан үшін тауар нарығындағы баға өзгерісі ерекше маңызды, өйткені мұнай мен металдардың бағасы елдің экспорттық кірістеріне, мемлекеттік бюджетке және теңге бағамына тікелей әсер етеді. Бастапқы және қайталама нарық Кез келген бағалы қағаздың айналымы бастапқы нарықтан басталады. Бұл жерде акциялар IPO арқылы, ал облигациялар бастапқы орналастыру кезінде инвесторларға ұсынылады. Осы кезеңде тартылған қаражат тікелей эмитентке түседі. Орналастыру аяқталғаннан кейін бағалы қағаздар қайталама нарықта айналысқа шығады. Мұнда инвесторлар оларды бір-біріне сатып алып, сатады, ал эмитент бұл мәмілелерге қатыспайды. Қайталама нарық бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді және биржадағы сауда-саттықтың негізгі бөлігі дәл осы нарықта жүзеге асырылады. Биржалық және биржадан тыс нарық Бағалы қағаздармен мәмілелер биржада да, биржадан тыс нарықта (OTC) да жасалуы мүмкін. Биржада сауда белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі, баға ашық қалыптасады және есеп айырысу орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады. Ал биржадан тыс нарықта мәмілелер қатысушылар арасында тікелей немесе делдалдардың көмегімен жасалады. Биржалық нарық, әдетте, өтімділігі мен ашықтығы жоғары болады. Ал биржадан тыс нарық ұйымдастырылған сауда алаңдарында әрдайым қолжетімді бола бермейтін қаржы құралдарымен мәміле жасауға мүмкіндік береді.   Қазақстандағы қаржы нарықтары Қазақстанда инвесторлар екі негізгі нарықтық инфрақұрылым арқылы инвестициялай алады. Біріншісі – ұлттық қаржы нарығы. Мұнда сауда-саттық Қазақстан қор биржасында (KASE) жүтаргізіледі, бағалы қағаздарды есепке алу мен сақтауды Орталық депозитарий қамтамасыз етеді, ал қаржы нарығының қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРДҚА) қадағалайды. Екіншісі – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) инфрақұрылымы. Бұл жүйе ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген. Сауда Astana International Exchange (AIX) биржасында жүзеге асырылады, активтерді есепке алу және сақтау қызметін AIX CSD (Central Securities Depository) атқарады, ал нарықты AFSA (Astana Financial Services Authority) реттейді. Осылайша, екі инфрақұрылымның да өз биржасы, депозитарийі және реттеуші органы бар. Жеке инвесторлар екі нарыққа да брокерлер арқылы қол жеткізіп, өздеріне қолайлы инвестициялық құралдарды пайдалана алады.   Биржалық индекстер: нарықтың барометрі Биржалық индекстер туралы да білу маңызды. Биржалық индекс – белгілі бір нарықтың немесе оның бір бөлігінің жалпы жағдайын көрсететін акциялар қоржыны. Оның көмегімен әрбір акцияны жеке-жеке бақыламай-ақ, нарықтағы жалпы үрдіс пен инвесторлардың көңіл күйін бағалауға болады. Қазақстанда негізгі индикаторлар ретінде KASE индексі мен AIX биржасының индексі қолданылады, ал АҚШ-та ең танымал индекстердің бірі – S&P 500. Көптеген инвесторлар жекелеген акцияларды емес, осы индекстерді қайталайтын биржалық инвестициялық қорларға (ETF) қаржы салады. Бұл бір ғана құрал арқылы портфельді кеңінен әртараптандыруға мүмкіндік береді.   Криптовалюта нарығы Соңғы жылдары криптовалюта нарығы да қарқынды дамып келеді. Бұл – өз инфрақұрылымы бар және бағасы өте құбылмалы нарық. Ол жоғары табыс табу мүмкіндігімен қызықтырады, бірақ тәуекелі де айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар бұл саладағы құқықтық реттеу әлі де қалыптасу кезеңінде. Сондықтан жаңадан бастаған инвесторларға криптовалюталарға аса сақтықпен қараған жөн және тек жоғалтуға дайын қаражатты ғана инвестициялау ұсынылады.   Нарық сегменттері бір-бірімен қалай байланысты? Қаржы нарықтары бір-бірінен бөлек жұмыс істемейді, керісінше, өзара тығыз байланысты. Мысалы, орталық банктің пайыздық мөлшерлеме бойынша қабылдаған шешімі облигациялардың бағасына (борыштық нарық), РЕПО мәмілелері бойынша мөлшерлемелерге және қысқа мерзімді ақша құнына (ақша нарығы), валюта бағамына (валюта нарығы), сондай-ақ акциялардың бағасына (қор нарығы) әсер етеді. Ал шикізат бағасының өзгеруі (тауар нарығы) көбіне шикізат экспорттайтын елдердің валюталарының бағамына ықпал жасайды. Сондықтан тәжірибелі инвестор әрбір нарықты жеке емес, олардың өзара байланысын ескере отырып бағалайды. Осындай байланыстарды түсіну нарықтағы баға қозғалысының себептерін дұрыс түсіндіруге көмектеседі.   Жаңадан бастаған инвестор үшін қай нарық қолайлы? Көптеген жаңадан бастаған инвесторлар үшін қор нарығы инвестициялауға алғашқы қадам болып табылады. Бастапқы кезеңде кеңінен әртараптандырылған құралдарға басымдық берген жөн. Оларға акциялар мен облигациялардың кең нарығына инвестициялайтын ETF қорлары, сондай-ақ жеке облигациялар жатады. Мұндай құралдар қаржы нарықтарының жұмыс істеу қағидаларын, әртараптандырудың маңызын және тәуекелді басқару негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Ал туынды қаржы құралдары, жекелеген тауарлық стратегиялар мен криптоактивтер сияқты күрделірек инвестициялық құралдар қосымша дайындықты және олармен байланысты тәуекелдерді жақсы түсінуді талап етеді. Инвестициялық құралдарды біртіндеп меңгеру қателік жіберу ықтималдығын азайтып, инвестициялық тәртіпті қалыптастыруға көмектеседі.   Қысқаша түйін Қаржы нарығы бос капиталы бар инвесторлар мен қаржыға мұқтаж компаниялар мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Қаржы нарығының негізгі сегменттері: қор нарығы, борыштық нарық, ақша нарығы, валюта нарығы, туынды қаржы құралдары нарығы және тауар нарығы. Бағалы қағаздар алдымен бастапқы нарықта орналастырылады, кейін қайталама нарықта еркін саудаланады. Биржалық нарық биржадан тыс нарыққа қарағанда ашықтығы мен сенімділігі жоғары. Қазақстандағы негізгі сауда алаңдары – KASE және AIX биржалары. Бұл нарықтарға инвесторлар брокерлер арқылы қол жеткізе алады.

««Қысқа мерзімде нарықты эмоция басқарады, ал ұзақ мерзімде оның шынайы құны көрінеді.»— Бенджамин Грэм

Қысқа мерзімде акция бағасына көбіне инвесторлардың көңіл күйі мен эмоциясы әсер етеді. Ал уақыт өте келе компанияның нақты қаржылық жағдайы, табысы және бизнесінің құны шешуші рөл атқарады.  

Нұсқаулықтың мазмұны

1. Қаржы нарығы дегеніміз не?

2. Қор нарығы

3. Борыштық нарық

4. Ақша нарығы

5. Валюта нарығы

6. Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер)

7. Тауар нарығы

8. Бастапқы және қайталама нарық

9. Бастапқы және қайталама нарық

10. Қазақстандағы қаржы нарықтары

11. Биржалық индекстер

12. Криптовалюта нарығы

13. Қаржы нарықтарының өзара байланысы

14. Жаңадан бастаған инвестор қай нарықтан бастауы керек?

 

Қаржы нарығы ұғымы

Қаржы нарығы – бос қаражаты бар инвесторлар мен қаржыға мұқтаж компаниялар мен мемлекетті байланыстыратын жүйе. Осы нарық арқылы жинақталған қаражат экономикаға бағытталады, ал инвесторлар өз қаражатын көбейтуге мүмкіндік алады. Қаржы нарығы бірнеше түрге бөлінеді. Олар бір-бірінен қандай қаржы құралдары сатылатынына және инвестицияның мерзіміне қарай ерекшеленеді.  

Қор нарығы

Ең танымал сегменттердің бірі – акциялар мен облигациялар нарығы. Акция инвесторға компанияның үлесіне иелік етуге және оның табысының бір бөлігін алуға мүмкіндік береді. Ал облигация – эмитент белгілі бір мерзім ішінде пайыз төлеп, мерзімі аяқталған соң негізгі қарыз сомасын қайтаратын борыштық бағалы қағаз. Қор нарығы компанияларға өз қызметін дамыту үшін қаражат тартуға мүмкіндік береді, ал инвесторларға компанияның үлесіне иелік етуге немесе оған қарыз беріп, табыс табуға жол ашады. Көптеген жеке инвесторлар инвестициялауды дәл осы қор нарығынан бастайды.  

Борыштық нарық

Борыштық нарық – мемлекет пен компаниялар шығаратын облигациялар айналымға түсетін нарық. Облигацияны сатып алған инвестор эмитентке белгілі бір мерзімге қарызға ақша береді. Оның орнына эмитент пайыз төлейді, ал мерзімі аяқталған кезде салынған қаражатты толық қайтарады. Сондықтан борыштық нарық консервативті инвестициялық портфельдің маңызды бөлігі саналады. Мұндағы табыс, әдетте, акциялармен салыстырғанда тұрақтырақ әрі болжамды болады.  

Ақша нарығы

Ақша нарығы – қысқа мерзімді қаржы құралдары айналымға түсетін қаржы нарығының бір бөлігі. Ол қаржы жүйесіндегі өтімділікті басқаруда және қысқа мерзімді пайыздық мөлшерлемелердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Инвесторлар үшін бұл – бос қаражатты жоғары өтімділікпен және салыстырмалы түрде төмен тәуекелмен орналастырудың тиімді тәсілдерінің бірі.  

Валюта нарығы  Валюта нарығы (Forex) – әртүрлі валюталар сатып алынып, сатылатын және олардың айырбас бағамы қалыптасатын қаржы нарығы. Ол халықаралық саудада, инвестицияда және елдер арасындағы капитал қозғалысында маңызды рөл атқарады. Инвестор үшін валюта нарығы – активтердің бір бөлігін тұрақты шетел валютасында сақтап, портфельді әртараптандырудың бір жолы. Сонымен қатар валюта бағамының өзгеруі шетелдік активтердің құнына әсер ететіндіктен, белгілі бір тәуекел де туындайды. Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер) Туынды қаржы құралдары нарығы (деривативтер) – фьючерстер мен опциондар сияқты туынды қаржы құралдары айналымға түсетін нарық. Бұл құралдардың құны акциялар, индекстер, валюталар немесе тауарлар сияқты базалық активтердің бағасына байланысты болады. Деривативтер тәуекелді азайтуға (хеджирлеуге), инвестициялық позицияларды басқаруға және түрлі сауда стратегияларын жүзеге асыруға қолданылады. Алайда бұл нарық басқа қаржы нарықтарына қарағанда күрделірек болғандықтан, ондағы құралдардың ерекшеліктері мен тәуекелдерін жақсы түсінуді талап етеді. Тауар нарығы Тауар нарығында мұнай, табиғи газ, алтын, өнеркәсіптік металдар және ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты шикізат тауарлары саудаланады. Инвесторлар бұл нарыққа көбіне фьючерстер, шикізат өндіретін компаниялардың акциялары немесе биржалық инвестициялық қорлар (ETF) арқылы қатысады. Қазақстан үшін тауар нарығындағы баға өзгерісі ерекше маңызды, өйткені мұнай мен металдардың бағасы елдің экспорттық кірістеріне, мемлекеттік бюджетке және теңге бағамына тікелей әсер етеді. Бастапқы және қайталама нарық Кез келген бағалы қағаздың айналымы бастапқы нарықтан басталады. Бұл жерде акциялар IPO арқылы, ал облигациялар бастапқы орналастыру кезінде инвесторларға ұсынылады. Осы кезеңде тартылған қаражат тікелей эмитентке түседі. Орналастыру аяқталғаннан кейін бағалы қағаздар қайталама нарықта айналысқа шығады. Мұнда инвесторлар оларды бір-біріне сатып алып, сатады, ал эмитент бұл мәмілелерге қатыспайды. Қайталама нарық бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді және биржадағы сауда-саттықтың негізгі бөлігі дәл осы нарықта жүзеге асырылады. Биржалық және биржадан тыс нарық Бағалы қағаздармен мәмілелер биржада да, биржадан тыс нарықта (OTC) да жасалуы мүмкін. Биржада сауда белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі, баға ашық қалыптасады және есеп айырысу орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады. Ал биржадан тыс нарықта мәмілелер қатысушылар арасында тікелей немесе делдалдардың көмегімен жасалады. Биржалық нарық, әдетте, өтімділігі мен ашықтығы жоғары болады. Ал биржадан тыс нарық ұйымдастырылған сауда алаңдарында әрдайым қолжетімді бола бермейтін қаржы құралдарымен мәміле жасауға мүмкіндік береді.  

Қазақстандағы қаржы нарықтары

Қазақстанда инвесторлар екі негізгі нарықтық инфрақұрылым арқылы инвестициялай алады. Біріншісі – ұлттық қаржы нарығы. Мұнда сауда-саттық Қазақстан қор биржасында (KASE) жүтаргізіледі, бағалы қағаздарды есепке алу мен сақтауды Орталық депозитарий қамтамасыз етеді, ал қаржы нарығының қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРДҚА) қадағалайды. Екіншісі – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) инфрақұрылымы. Бұл жүйе ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген. Сауда Astana International Exchange (AIX) биржасында жүзеге асырылады, активтерді есепке алу және сақтау қызметін AIX CSD (Central Securities Depository) атқарады, ал нарықты AFSA (Astana Financial Services Authority) реттейді. Осылайша, екі инфрақұрылымның да өз биржасы, депозитарийі және реттеуші органы бар. Жеке инвесторлар екі нарыққа да брокерлер арқылы қол жеткізіп, өздеріне қолайлы инвестициялық құралдарды пайдалана алады.  

Биржалық индекстер: нарықтың барометрі

Биржалық индекстер туралы да білу маңызды. Биржалық индекс – белгілі бір нарықтың немесе оның бір бөлігінің жалпы жағдайын көрсететін акциялар қоржыны. Оның көмегімен әрбір акцияны жеке-жеке бақыламай-ақ, нарықтағы жалпы үрдіс пен инвесторлардың көңіл күйін бағалауға болады. Қазақстанда негізгі индикаторлар ретінде KASE индексі мен AIX биржасының индексі қолданылады, ал АҚШ-та ең танымал индекстердің бірі – S&P 500. Көптеген инвесторлар жекелеген акцияларды емес, осы индекстерді қайталайтын биржалық инвестициялық қорларға (ETF) қаржы салады. Бұл бір ғана құрал арқылы портфельді кеңінен әртараптандыруға мүмкіндік береді.  

Криптовалюта нарығы

Соңғы жылдары криптовалюта нарығы да қарқынды дамып келеді. Бұл – өз инфрақұрылымы бар және бағасы өте құбылмалы нарық. Ол жоғары табыс табу мүмкіндігімен қызықтырады, бірақ тәуекелі де айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар бұл саладағы құқықтық реттеу әлі де қалыптасу кезеңінде. Сондықтан жаңадан бастаған инвесторларға криптовалюталарға аса сақтықпен қараған жөн және тек жоғалтуға дайын қаражатты ғана инвестициялау ұсынылады.  

Нарық сегменттері бір-бірімен қалай байланысты?

Қаржы нарықтары бір-бірінен бөлек жұмыс істемейді, керісінше, өзара тығыз байланысты. Мысалы, орталық банктің пайыздық мөлшерлеме бойынша қабылдаған шешімі облигациялардың бағасына (борыштық нарық), РЕПО мәмілелері бойынша мөлшерлемелерге және қысқа мерзімді ақша құнына (ақша нарығы), валюта бағамына (валюта нарығы), сондай-ақ акциялардың бағасына (қор нарығы) әсер етеді. Ал шикізат бағасының өзгеруі (тауар нарығы) көбіне шикізат экспорттайтын елдердің валюталарының бағамына ықпал жасайды. Сондықтан тәжірибелі инвестор әрбір нарықты жеке емес, олардың өзара байланысын ескере отырып бағалайды. Осындай байланыстарды түсіну нарықтағы баға қозғалысының себептерін дұрыс түсіндіруге көмектеседі.  

Жаңадан бастаған инвестор үшін қай нарық қолайлы?

Көптеген жаңадан бастаған инвесторлар үшін қор нарығы инвестициялауға алғашқы қадам болып табылады. Бастапқы кезеңде кеңінен әртараптандырылған құралдарға басымдық берген жөн. Оларға акциялар мен облигациялардың кең нарығына инвестициялайтын ETF қорлары, сондай-ақ жеке облигациялар жатады. Мұндай құралдар қаржы нарықтарының жұмыс істеу қағидаларын, әртараптандырудың маңызын және тәуекелді басқару негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Ал туынды қаржы құралдары, жекелеген тауарлық стратегиялар мен криптоактивтер сияқты күрделірек инвестициялық құралдар қосымша дайындықты және олармен байланысты тәуекелдерді жақсы түсінуді талап етеді. Инвестициялық құралдарды біртіндеп меңгеру қателік жіберу ықтималдығын азайтып, инвестициялық тәртіпті қалыптастыруға көмектеседі.  

Қысқаша түйін

  • Қаржы нарығы бос капиталы бар инвесторлар мен қаржыға мұқтаж компаниялар мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
  • Қаржы нарығының негізгі сегменттері: қор нарығы, борыштық нарық, ақша нарығы, валюта нарығы, туынды қаржы құралдары нарығы және тауар нарығы.
  • Бағалы қағаздар алдымен бастапқы нарықта орналастырылады, кейін қайталама нарықта еркін саудаланады.
  • Биржалық нарық биржадан тыс нарыққа қарағанда ашықтығы мен сенімділігі жоғары.

Қазақстандағы негізгі сауда алаңдары – KASE және AIX биржалары. Бұл нарықтарға инвесторлар брокерлер арқылы қол жеткізе алады.

Открыть на сайте

 

Құрметті «SkyBridge Invest» АҚ клиенттері (бұдан әрі – «Компания»),

Соңғы уақытта Компанияның атауы мен қызметкерлерінің атын заңсыз пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.

Сіздерді қырағылық танытып, алынған ақпаратты мұқият тексеруге шақырамыз.

Компанияның тек бір ғана ресми сайты бар екенін хабарлаймыз — https://sbinvest.kz.

Компанияның ресми Telegram арнасы — https://t.me/skybridgeinvest.

Компания атауын пайдаланатын өзге интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар ресми болып табылмайды және Компанияға қатысы жоқ.

Компания құпия деректерді, парольдерді, растау кодтарын сұратпайды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мессенджерлері мен бейресми байланыс арналары арқылы ақша аударуды немесе комиссиялар мен өзге төлемдерді төлеуді талап етпейді.
Күмән туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген Компанияның ресми байланыс арналары арқылы ғана хабарласуыңызды ұсынамыз.

Құрметпен,
«SkyBridge Invest» АҚ