«Инвестициялаған активтеріңізді жақсы біліңіз және әрбір таңдауыңыздың.»
— Питер Линч
Нұсқаулықтың мазмұны
1. Инвестициялау мен алыпсатарлықтың айырмашылығы
2. Инвестициялаудың мақсаты мен көкжиегі
3. Тәуекел мен табыстылықтың арақатынасы
4. Әртараптандыру
5. Күрделі пайыз және уақыт
6. Тұрақты инвестициялау
7. Инвестициялық тәртіп пен эмоцияларды бақылау
8. Шығындар мен салықтың маңызы
9. Алдымен қаржылық қауіпсіздік, кейін инвестиция
10. Әр инвестицияның мәнін түсініңіз
11. Мұны іс жүзінде қалай қолдануға болады
Инвестициялау мен алыпсатарлықтың айырмашылығы
Инвестициялау — капиталды сақтап, оны ұзақ мерзімде ұлғайту мақсатында қаражат салу. Инвестор табысты актив құнының өсуі мен одан түсетін тұрақты кіріс (дивидендтер, облигациялар бойынша купондық төлемдер) арқылы алады. Бұл ретте инвестициялық шешімдер активтің іргелі құны мен оның ұзақ мерзімді әлеуетіне сүйене отырып қабылданады.Алыпсатарлық – бағаның қысқа мерзімді өзгерістерінен пайда табуға бағытталған тәсіл. Бұл тәсілді «дұрыс» немесе «бұрыс» деп бағалауға болмайды. Алайда инвестициялау мен алыпсатарлықтың мақсаттары, уақыт көкжиегі, тәуекел деңгейі және қажетті білім мен дағдылары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
1-қағида. Мақсат пен инвестициялық көкжиек
Инвестициялау акция таңдаудан емес, ең алдымен «қандай мақсатқа және қанша мерзімге инвестициялаймын?» деген сұрақтан басталады. Инвестицияның мақсаты (қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастыру, баспана сатып алу, зейнетақыға жинақтау, балалардың оқуына қаражат жинау) мен инвестициялау мерзімі қабылданатын тәуекел деңгейін айқындайды. Бір жылдан кейін қажет болатын қаражатты құбылмалылығы жоғары активтерге салмаған жөн. Ал 15–20 жылдық инвестициялық көкжиек уақытша баға ауытқуларына төтеп беріп, жоғарырақ табыс алу мүмкіндігін арттырады. Дегенмен ұзақ мерзім тәуекелі жоғары активтерді қауіпсіз етпейді және оң нәтижеге кепілдік бермейді. Ол тек нарықтағы уақытша төмендеулердің қалпына келу ықтималдығын арттырып, активтерді қолайсыз уақытта сатпауға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай тәсіл әртараптандырумен және шынайы күтулермен үйлескен жағдайда ғана тиімді болады. Нақты мақсат пен инвестициялық көкжиексіз тиімді стратегия құру мүмкін емес, ал инвестициялық құралдарды таңдау әрдайым осы екі факторға негізделуі тиіс.
2-қағида. Тәуекел мен табыс қатар жүреді
Инвестициялауда маңызды қағидалардың бірі – табыс жоғары болған сайын, тәуекел де артады. Тәуекелсіз жоғары табыс болмайды. Сондықтан «жылына 30% табыс және толық қауіпсіздік» деген уәделерге сақтықпен қараған дұрыс. Инвестордың міндеті – тәуекелден мүлде қашу емес, өйткені бұл мүмкін емес. Ең маңыздысы – өз мақсатыңызға және уақытша шығындарға қаншалықты төзе алатыныңызға сәйкес тәуекел деңгейін дұрыс таңдау.
3-қағида. Әртараптандыру
Барлық жұмыртқаны бір себетке салмаңыз» деген қағида инвестицияға да қатысты. Барлық ақшаны бір ғана компанияға немесе бір ғана активке салмаған дұрыс. Қаражатты акциялар, облигациялар, қорлар сияқты әртүрлі инвестицияларға, сондай-ақ әртүрлі елдер мен салаларға бөлу тәуекелді азайтады. Егер бір инвестицияның құны төмендесе, басқалары өсіп немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін. Әртараптандыру табысты көбейтпейді, бірақ инвестицияңызды тұрақтырақ етіп, ұзақ мерзімді мақсатқа сенімді жетуге көмектеседі.
4-қағида. Уақыт пен күрделі пайыздың әсері
Күрделі пайыз – инвестициядан түскен табыстың да кейін қайтадан табыс әкелуі. Мысалы, дивидендтерді немесе купондық төлемдерді жұмсамай, қайта инвестицияласаңыз, жинағыңыз уақыт өте келе жылдамырақ өседі. Себебі табыс тек бастапқы салымға ғана емес, бұрын алынған табысқа да есептеледі. Сондықтан инвестицияны неғұрлым ерте бастасаңыз және шотыңызды тұрақты түрде толықтырып отырсаңыз, қаражатыңыз соғұрлым жылдам өседі.
Капиталдың екі есе өсуіне шамамен қанша уақыт кететінін «72 ережесі» арқылы есептеуге болады. Ол үшін 72 санын жылдық табыстылыққа бөлу жеткілікті. Мысалы, инвестиция жылына 8% табыс әкелсе, капитал шамамен 9 жылда, ал 12% табыс әкелсе, шамамен 6 жылда екі есе өседі. Сондықтан инвестицияны ертерек бастаған сайын, күрделі пайыздың пайдасы да көбірек болады.
5-қағида. Инвестицияны тұрақты түрде салып отыру
Инвестицияны тұрақты түрде салып отыру жақсы нәтижеге жетуге көмектеседі. Ақшаны бірден түгел салмай, белгілі бір уақыт аралығында біртіндеп инвестициялау нарықтағы бағаның уақытша құбылуының әсерін азайтады. Осылайша, активтерді кейде жоғары бағамен, кейде төмен бағамен сатып аласыз, нәтижесінде орташа сатып алу бағасы қалыптасады. Мұндай тәсіл инвестициялық тәртіпті сақтауға көмектеседі және қысқа мерзімді нарық қозғалысын болжауға емес, ұзақ мерзімді мақсатқа назар аударуға мүмкіндік береді.
6-қағида. Инвестициялық тәртіп пен эмоцияларды бақылау
Инвестордың ең үлкен жауы – нарық емес, өз эмоциясы. Нарық төмендегенде қорқынышқа, ал бағалар қатты өскенде ашкөздікке бой алдыру оңай. Осындай эмоциялардың әсерінен адамдар көбіне өз инвестициялық жоспарынан ауытқып, кейін өкінетін шешімдер қабылдайды. Сондықтан алдын ала нақты жоспар құрған дұрыс: қандай активтерге, қанша көлемде инвестиция салатыныңызды және портфельді қашан қайта теңестіретініңізді анықтап алыңыз. Мұндай жоспар эмоцияға емес, нақты ережеге сүйеніп шешім қабылдауға көмектеседі.
7-қағида. Шығындар мен салықтың маңызы
Инвестициядан түсетін табысты азайтатын негізгі факторлардың бірі – комиссиялар мен салықтар. Бастапқыда олардың мөлшері аз болып көрінуі мүмкін, бірақ ұзақ уақыт ішінде олар айтарлықтай сомаға айналады. Сондықтан инвестициялық құралды немесе брокерді таңдағанда комиссия мөлшеріне міндетті түрде назар аударыңыз. Сондай-ақ инвестицияның нақты табысын бағалағанда инфляция мен салықтарды да ескерген жөн. Себебі дәл осы көрсеткіш ақшаңыздың шын мәнінде қаншалықты өскенін көрсетеді.
8-қағида. Алдымен қаржылық қауіпсіздік, кейін инвестиция
Инвестиция жасамас бұрын, ең алдымен күтпеген жағдайларға арналған қаржылық қор жинап алған дұрыс. Оның көлемі кемінде 3–6 айлық күнделікті шығындарыңызды жабуға жетуі керек. Егер жұмыстан айырылсаңыз немесе шұғыл ақша қажет болса, бұл қор инвестицияңызды уақытынан бұрын сатпауға көмектеседі. Сондықтан инвестицияға тек жақын уақытта қажет болмайтын ақшаны салған дұрыс. Сонда нарықтағы уақытша баға өзгерістері сізді алаңдатпайды, ал инвестицияңызға сабырмен ұзақ мерзімге қарауға мүмкіндік болады.
9-қағида. Әр инвестицияның мәнін түсініңіз
Инвестиция жасаудың ең қарапайым ережелерінің бірі – өзіңіз түсінбейтін нәрсеге ақша салмаңыз. Егер инвестиция қалай табыс әкелетінін екі-үш сөйлеммен түсіндіре алмасаңыз, алдымен оны жақсылап зерттегеніңіз дұрыс. Жоғары табыс уәде ететін күрделі қаржы құралдарының тәуекелі де жоғары болуы мүмкін. Ал инвестициялаған активіңізді жақсы түсінсеңіз, нарық төмендеген кезде де сабыр сақтап, асығыс шешім қабылдамайсыз.
Мұны іс жүзінде қалай қолдануға болады
Мысалы, инвестициялау мерзімі 15 жыл, ал тәуекелге деген көзқарасы орташа инвесторды алайық. Ең алдымен ол 3–6 айлық шығындарын жабуға жеткілікті қаржылық қор жинайды. Содан кейін табысының белгілі бір бөлігін тұрақты түрде инвестициялауға бағыттайды. Оның портфелі әртараптандырылған және акциялар мен облигациялардан тұрады. Кеңірек әртараптандыру үшін ETF қорларын, ал нақты инвестициялық мүмкіндіктер үшін жекелеген бағалы қағаздарды пайдаланады. Дивидендтер мен купондық төлемдер инвестициялық мақсатына қарай қайта инвестицияланады немесе тұрақты табыс көзі ретінде жұмсалады. Уақыт өте келе портфельдің құрылымы қайта қаралып, қажет болса қайта теңестіріледі. Инвестициялық шешімдер күнделікті жаңалықтар мен эмоцияның әсерімен емес, алдын ала құрылған стратегия мен жан-жақты талдау негізінде қабылданады. Мұндай тәсілде нарыққа кірудің ең қолайлы сәтін дәл табудың қажеті жоқ. Ең бастысы – жоспарды ұстанып, инвестицияны жүйелі түрде жалғастыру. Осындай қағидаларды сақтау ұзақ мерзімді әрі тұрақты инвестициялық стратегия құруға мүмкіндік береді.
Қысқаша түйін