SkyBridge Invest жұмысының айрықша

сипаттамасы болып, оның клиентке бағдарлануы,

жаңа жобаларға кірісу қабілеті және

мәселелерді шешудің стандартты емес нұсқаларын ұсына алуы табылады

«SkyBridge Invest» АҚ 2008 жылы құрылған «SB Capital» компаниялар тобына кіреді және өзінің қазақстандық және шетелдік клиенттеріне бірігу және жұту, қаржылық берешекті қайта құрылымдау, жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру, қарыз капиталын тарту бойынша ірі мәмілелерді құрылымдау, сүйемелдеу және жүзеге асыру, облигациялар мен еурооблигациялар шығарылымдарын ұйымдастыру, облигациялық қарыздарды қайта құрылымдау, IPO мәмілелерін сүйемелдеу және акцияларды жеке орналастыру мәселелері бойынша кәсіби қызметтер мен консультациялардың кең спектрін табысты ұсынады, сондай-ақ Қазақстан аумағында да, елден тыс жерлерде де басқа да маңызды жобаларға қатысады

 
Лицензиялар PDF жүктеу

Күрделі транзакцияларды жүргізудің бірегей тәжірибесі

  • SkyBridge Invest «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акциялар пакетінің 10%-ын Ұлттық Банкке сату бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының брокері болды.
  • Ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (ҒДҚ) және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» жай акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілені құрылымдау және орындау, мұнда SBI KASE арқылы ҒДҚ-ды сатып алуды ұсынды. Бұл ұсынысты іске асыру қазақстандық қор нарығында теңдесіз болып табылатын бірқатар іс-шараларды қамтыды: KASE-тегі ҒДҚ листингі; KASE-те биржалық есеп айырысуларды валютада енгізу; шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасау; БӨ акцияларын сатып алу үшін теңгемен есеп айырысу кезінде шетел валютасында бағаны белгілеу мүмкіндігін енгізу
  • Канадалық «AltynAlmas Gold» компаниясының 100% үлесін сату бойынша мәмілені құрылымдау. SkyBridge Invest шетелдік акцияларды шетелдік есеп жүйелерінен ҚР Орталық депозитарийіне Computer Share Canada акцияларын материалсыздандыру үдерісімен аударуды жүзеге асырды

SkyBridge Invest - қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін сарапшы және сенімді кеңесші

SB КОМПАНИЯЛАРЫ ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕР СПЕКТРІ

  • Корпоративтік
    қаржылар
  • Біріктіру
    және жұту бойынша
    мәмілелер
  • Қарыз капиталының
    нарықтары
  • IPO және жеке
    орналастыру
  • Брокерлік
    қызметтер
  • KASE-те
    және халықаралық
    сауда алаңдарында
    мәмілелер жасау
  • Сауда-саттықты ұйымдастыру
  • Маркет-мейкердің
    қызметтері
  • Активтерді
    басқару
  • Инвестициялық
    портфельді
    басқару
  • Инвестициялық
    қорлар
  • Тікелей
    инвестициялар

Мінсіз бедел біздің бизнесіміздің негізі болып табылады және біздің компания үшін ең жақсы ұсыныс болып қызмет атқарады

  • Біз бизнестің жоғары стандарттарын және активтерді тиімді басқаруды үнемі көрсете отырып, өз клиенттеріміздің мүдделеріне қызмет етеміз
  • Жоғары кәсібилік, Қазақстан нарығындағы аса көрнекті мәмілелерге қызмет көрсету тәжірибесі, клиенттердің қажеттіліктері үшін стандартты емес және сапалы жаңа шешімдерді таба білу бізді бәсекелестердің жалпы қатарынан ерекшелейді
  • Біздің компания клиенттердің мүдделері үшін ғана әрекет етеді және мүдделер қақтығысын болдырмай, мәмілелердің ең үздік шарттарын ұсынады
 

Құрметті «SkyBridge Invest» АҚ клиенттері (бұдан әрі – «Компания»),

Соңғы уақытта Компанияның атауы мен қызметкерлерінің атын заңсыз пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.

Сіздерді қырағылық танытып, алынған ақпаратты мұқият тексеруге шақырамыз.

Компанияның тек бір ғана ресми сайты бар екенін хабарлаймыз — https://sbinvest.kz.

Компанияның ресми Telegram арнасы — https://t.me/skybridgeinvest.

Компания атауын пайдаланатын өзге интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар ресми болып табылмайды және Компанияға қатысы жоқ.

Компания құпия деректерді, парольдерді, растау кодтарын сұратпайды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мессенджерлері мен бейресми байланыс арналары арқылы ақша аударуды немесе комиссиялар мен өзге төлемдерді төлеуді талап етпейді.
Күмән туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген Компанияның ресми байланыс арналары арқылы ғана хабарласуыңызды ұсынамыз.

Құрметпен,
«SkyBridge Invest» АҚ