Инфляция және капиталдың нақты кірістілігі
17 қазан 2025

«Инфляция – заңмен бекітілмеген салық.»

— Милтон Фридман
 

Нұсқаулықтың мазмұны

1. Инфляция дегеніміз не?

2. Номиналды және нақты кірістілік

3. Нақты табыстылықты қалай есептеуге болады?

4. Мысал

5. Инфляция және активтердің әртүрлі түрлері

6. Тарихи тұрғыда инфляциядан озып келген активтер

7. Инфляциялық күтулер

8. Капиталды қалай қорғауға болады?

9. Ұзақ мерзімдегі инфляцияның әсері

10. Ақша иллюзиясы

 

 

Инфляция дегеніміз не?

Инфляция – экономикадағы тауарлар мен қызметтердің жалпы бағасының тұрақты өсуі. Бұл жекелеген тауарлардың бір рет қымбаттауын емес, баға деңгейінің жалпы өзгеруін білдіреді. Инфляцияның деңгейі, негізінен, тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш күнделікті тұтынатын тауарлар мен қызметтердің белгілі бір себетінің құны уақыт өте қалай өзгеретінін көрсетеді. Инфляцияның басты салдарының бірі – ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Яғни уақыт өткен сайын бірдей ақшаға бұрынғыдан аз тауар мен қызмет сатып алуға болады. Төмен әрі тұрақты инфляция экономика үшін қалыпты құбылыс саналады, сондықтан көптеген орталық банктер оның белгілі бір мақсатты деңгейін сақтауға ұмтылады. Ал инфляцияның жоғары болуы немесе күрт құбылуы экономиканың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Оның негізгі себептеріне ақша массасының ұлғаюы, өндіріс шығындарының өсуі және сұраныстың ұсыныстан артып кетуі жатады. Инвестор үшін инфляция – капиталдың нақты құнын біртіндеп азайтатын көзге көрінбейтін салық. Ол шоттағы қаражаттың көлемін өзгертпегенімен, уақыт өте келе оның сатып алу қабілетін төмендетеді. Сондықтан инвестиция нәтижесін бағалағанда шоттағы соманың қаншаға өскеніне ғана емес, сол қаражатқа іс жүзінде нені сатып алуға болатынына да назар аудару маңызды.
 

Номиналды және нақты кірістілік

Номиналды және нақты табыстылықтың айырмашылығы осы жерде көрінеді. Номиналды табыстылық инвестиция сомасының ақшалай мәнде қаншаға өскенін көрсетеді. Мысалы, депозит жылына 15% табыс әкелуі мүмкін. Ал нақты табыстылық инфляцияны ескеріп есептеледі және капиталдың сатып алу қабілетінің қаншалықты артқанын көрсетеді. Егер инвестиция 15% табыс әкеліп, сол кезеңде инфляция 10% болса, инвестордың нақты табысы номиналды табыстылықтан әлдеқайда төмен болады.
 

Нақты табыстылық қалай есептеледі?

Нақты табыстылықты шамамен есептеу үшін номиналды табыстылықтан инфляция деңгейін шегеру жеткілікті. Ал дәлірек есептеу үшін Фишер формуласы қолданылады: (1 + номиналды табыстылық) ÷ (1 + инфляция) − 1. Инфляция деңгейі төмен болған кезде екі әдістің нәтижесі бір-біріне өте жақын болады. Бірақ инфляция жоғарылаған сайын олардың арасындағы айырмашылық ұлғаяды, сондықтан мұндай жағдайда Фишер формуласын қолданған дұрыс. Ең бастысы – номиналды табыстылықты әрдайым нақты табыстылықпен салыстырып бағалау.
 

Мысал

Мысалы, жылдық мөлшерлемесі 15% болатын депозитті және инфляция деңгейі 10% деп алайық. Қарапайым есептеу бойынша нақты табыстылық шамамен 5%, ал Фишер формуласы бойынша шамамен 4,5% болады. Яғни іс жүзінде капитал 15%-ға емес, небәрі 4,5%-ға ғана өсті деген сөз. Ал егер инфляция 14% болғанда, дәл осы номиналды мөлшерлеме 1%-дан да төмен нақты табыс әкелер еді. Шоттағы көрсеткіш өзгермегенімен, оның экономикалық мәні мүлде өзгеше болады.

Инфляция және активтердің әртүрлі түрлері

  • Қолма-қол ақша мен қысқа мерзімді депозиттер – ұзақ мерзімде көбіне инфляциядан қалып қояды. Олардың негізгі мақсаты – капиталды көбейту емес, өтімділікті қамтамасыз ету.
  • Тұрақты купоны бар облигациялар – инфляция жоғары болған жағдайда тартымдылығын жоғалтуы мүмкін. Егер инфляция деңгейі купондық табыстан асып кетсе, нақты табыстылық теріс мәнге ие болады.
  • Акциялар мен нақты активтер – ұзақ мерзімде көбіне инфляциядан озып отырады. Алайда қысқа мерзімде олардың бағасы құбылмалы болады.
  • Инфляциядан қорғалған облигациялар (линкерлер) – олардың номиналды құны баға индексіне байланыстырылғандықтан, инфляция өскен сайын ол да өседі (мысалы, АҚШ-тың TIPS облигациялары). Соған сәйкес купондық төлемдер де ұлғаяды. Сондықтан мұндай облигациялар инфляцияның күтпеген өсуінен қорғауға мүмкіндік береді.

Тарихи тұрғыда инфляциядан озып келген активтер

Ұзақ мерзімді инвестициялауда капиталдың жоғалу тәуекелімен қатар, инфляцияның оның нақты құнын төмендететінін де ескерген жөн. Тарихи тұрғыдан алғанда, акциялар көбіне инфляциядан жоғары табыс әкелген, ал тұрақты табыс әкелетін құралдар бағаның өсуін әрдайым толық өтей бермейді. Сондықтан ұзақ мерзімді инвестициялық портфельде бұл екі актив түрі жиі қатар қолданылады: бірі капиталдың өсуіне мүмкіндік берсе, екіншісі портфельдегі тәуекелді теңгеруге көмектеседі.
 

Инфляциялық күтулер

Нарық қазіргі инфляция деңгейіне ғана емес, алдағы кезеңде инфляцияның қандай болатынына қатысты болжамдарға да назар аударады. Егер инфляцияның жоғары болатыны күтілсе, орталық банк пайыздық мөлшерлемені ұзақ уақыт жоғары деңгейде ұстап тұруы мүмкін. Бұл өз кезегінде облигациялардың табыстылығына да әсер етеді. Сондықтан инвестор болашақтағы нақты табыстылықты бағалағанда, тек соңғы инфляция көрсеткіштеріне ғана емес, нарықтың алдағы кезеңге қатысты болжамдарына да мән бергені дұрыс.
 

Капиталды қалай қорғауға болады?

Инфляциядан толық қорғайтын бірде-бір құрал жоқ. Дегенмен оның капиталға әсерін азайтуға көмектесетін инвестициялық шешімдер бар. Сондықтан инвестицияны бағалағанда тек номиналды табыстылыққа емес, нақты табыстылыққа да назар аудару маңызды. Сондай-ақ қаражаттың қажетті бөлігін ғана қолма-қол ақша түрінде сақтап, қалғанын теңгерімді инвестициялық портфельге орналастырған жөн. Инвестордың мақсатына қарай мұндай портфельдің құрамына акциялар, облигациялар, ал қажет болған жағдайда инфляциядан қорғалған қаржы құралдары да енгізілуі мүмкін. Ұзақ мерзімді инвестициялауда ең маңыздысы – капиталдың номиналды өсімі емес, оның сатып алу қабілетін сақтау.
 

Ұзақ мерзімдегі инфляцияның әсері

Инфляцияның әсері уақыт өткен сайын күшейе береді. Себебі ол күрделі пайыздың әсерімен жинақталады. Бағаның шамамен қанша уақытта екі еселенетінін бағалау үшін «72 ережесі» қолданылады: ол үшін 72 санын жылдық инфляция деңгейіне бөлу жеткілікті. Мысалы, инфляция 10% болса, бағалар шамамен 7 жылда екі есеге өседі. Бұл табыс әкелмейтін ақшаның сатып алу қабілеті де осы уақыт ішінде шамамен екі есе төмендейді дегенді білдіреді. Сондықтан ұзақ мерзімде нақты табыстылықтағы болмашы ғана айырмашылықтың өзі 15–20 жылдан кейін инвестиция нәтижесінде үлкен айырмашылыққа әкелуі мүмкін.
 

Ақша иллюзиясы

Психологияда «ақша иллюзиясы» деген ұғым бар. Ол адамның инфляцияны ескермей, тек номиналды көрсеткіштерге сүйеніп баға беруін білдіреді. Мысалы, жалақы 8% өссе, бұл жақсы нәтиже сияқты көрінеді. Бірақ егер осы уақытта инфляция 10% болса, онда ақшаның сатып алу қабілеті іс жүзінде төмендейді. Сол сияқты депозит 15% табыс әкелсе де, бағаның қаншалықты өскенін ескермейінше, оның нақты қаншалықты тиімді болғанын бағалау қиын. Сондықтан кез келген қаржы нәтижесін нақты табыстылық тұрғысынан бағалау – ақша иллюзиясына алданып қалмаудың ең қарапайым әрі тиімді жолы.
 

Қысқаша түйін

  • Инфляция – ақшаның сатып алу қабілетін төмендететін «көзге көрінбейтін салық».
  • Инвестицияны бағалағанда номиналды емес, нақты табыстылыққа назар аударыңыз.
  • Қолма-қол ақша мен тұрақты купоны бар облигациялардың инфляцияға төзімділігі төмен.
  • Ұзақ мерзімде акциялар мен нақты активтер, әдетте, инфляциядан озып отырады.
  • Инфляциядан қорғанудың ең тиімді жолы – теңгерімді инвестициялық портфель құрып, инвестицияның нақты табыстылығын бағалап отыру.
Инфляция және капиталдың нақты кірістілігі
«Инфляция – заңмен бекітілмеген салық.» — Милтон Фридман   Нұсқаулықтың мазмұны 1. Инфляция дегеніміз не? 2. Номиналды және нақты кірістілік 3. Нақты табыстылықты қалай есептеуге болады? 4. Мысал 5. Инфляция және активтердің әртүрлі түрлері 6. Тарихи тұрғыда инфляциядан озып келген активтер 7. Инфляциялық күтулер 8. Капиталды қалай қорғауға болады? 9. Ұзақ мерзімдегі инфляцияның әсері 10. Ақша иллюзиясы     Инфляция дегеніміз не? Инфляция – экономикадағы тауарлар мен қызметтердің жалпы бағасының тұрақты өсуі. Бұл жекелеген тауарлардың бір рет қымбаттауын емес, баға деңгейінің жалпы өзгеруін білдіреді. Инфляцияның деңгейі, негізінен, тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш күнделікті тұтынатын тауарлар мен қызметтердің белгілі бір себетінің құны уақыт өте қалай өзгеретінін көрсетеді. Инфляцияның басты салдарының бірі – ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Яғни уақыт өткен сайын бірдей ақшаға бұрынғыдан аз тауар мен қызмет сатып алуға болады. Төмен әрі тұрақты инфляция экономика үшін қалыпты құбылыс саналады, сондықтан көптеген орталық банктер оның белгілі бір мақсатты деңгейін сақтауға ұмтылады. Ал инфляцияның жоғары болуы немесе күрт құбылуы экономиканың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Оның негізгі себептеріне ақша массасының ұлғаюы, өндіріс шығындарының өсуі және сұраныстың ұсыныстан артып кетуі жатады. Инвестор үшін инфляция – капиталдың нақты құнын біртіндеп азайтатын көзге көрінбейтін салық. Ол шоттағы қаражаттың көлемін өзгертпегенімен, уақыт өте келе оның сатып алу қабілетін төмендетеді. Сондықтан инвестиция нәтижесін бағалағанда шоттағы соманың қаншаға өскеніне ғана емес, сол қаражатқа іс жүзінде нені сатып алуға болатынына да назар аудару маңызды.   Номиналды және нақты кірістілік Номиналды және нақты табыстылықтың айырмашылығы осы жерде көрінеді. Номиналды табыстылық инвестиция сомасының ақшалай мәнде қаншаға өскенін көрсетеді. Мысалы, депозит жылына 15% табыс әкелуі мүмкін. Ал нақты табыстылық инфляцияны ескеріп есептеледі және капиталдың сатып алу қабілетінің қаншалықты артқанын көрсетеді. Егер инвестиция 15% табыс әкеліп, сол кезеңде инфляция 10% болса, инвестордың нақты табысы номиналды табыстылықтан әлдеқайда төмен болады.   Нақты табыстылық қалай есептеледі? Нақты табыстылықты шамамен есептеу үшін номиналды табыстылықтан инфляция деңгейін шегеру жеткілікті. Ал дәлірек есептеу үшін Фишер формуласы қолданылады: (1 + номиналды табыстылық) ÷ (1 + инфляция) − 1. Инфляция деңгейі төмен болған кезде екі әдістің нәтижесі бір-біріне өте жақын болады. Бірақ инфляция жоғарылаған сайын олардың арасындағы айырмашылық ұлғаяды, сондықтан мұндай жағдайда Фишер формуласын қолданған дұрыс. Ең бастысы – номиналды табыстылықты әрдайым нақты табыстылықпен салыстырып бағалау.   Мысал Мысалы, жылдық мөлшерлемесі 15% болатын депозитті және инфляция деңгейі 10% деп алайық. Қарапайым есептеу бойынша нақты табыстылық шамамен 5%, ал Фишер формуласы бойынша шамамен 4,5% болады. Яғни іс жүзінде капитал 15%-ға емес, небәрі 4,5%-ға ғана өсті деген сөз. Ал егер инфляция 14% болғанда, дәл осы номиналды мөлшерлеме 1%-дан да төмен нақты табыс әкелер еді. Шоттағы көрсеткіш өзгермегенімен, оның экономикалық мәні мүлде өзгеше болады. Инфляция және активтердің әртүрлі түрлері Қолма-қол ақша мен қысқа мерзімді депозиттер – ұзақ мерзімде көбіне инфляциядан қалып қояды. Олардың негізгі мақсаты – капиталды көбейту емес, өтімділікті қамтамасыз ету. Тұрақты купоны бар облигациялар – инфляция жоғары болған жағдайда тартымдылығын жоғалтуы мүмкін. Егер инфляция деңгейі купондық табыстан асып кетсе, нақты табыстылық теріс мәнге ие болады. Акциялар мен нақты активтер – ұзақ мерзімде көбіне инфляциядан озып отырады. Алайда қысқа мерзімде олардың бағасы құбылмалы болады. Инфляциядан қорғалған облигациялар (линкерлер) – олардың номиналды құны баға индексіне байланыстырылғандықтан, инфляция өскен сайын ол да өседі (мысалы, АҚШ-тың TIPS облигациялары). Соған сәйкес купондық төлемдер де ұлғаяды. Сондықтан мұндай облигациялар инфляцияның күтпеген өсуінен қорғауға мүмкіндік береді. Тарихи тұрғыда инфляциядан озып келген активтер Ұзақ мерзімді инвестициялауда капиталдың жоғалу тәуекелімен қатар, инфляцияның оның нақты құнын төмендететінін де ескерген жөн. Тарихи тұрғыдан алғанда, акциялар көбіне инфляциядан жоғары табыс әкелген, ал тұрақты табыс әкелетін құралдар бағаның өсуін әрдайым толық өтей бермейді. Сондықтан ұзақ мерзімді инвестициялық портфельде бұл екі актив түрі жиі қатар қолданылады: бірі капиталдың өсуіне мүмкіндік берсе, екіншісі портфельдегі тәуекелді теңгеруге көмектеседі.   Инфляциялық күтулер Нарық қазіргі инфляция деңгейіне ғана емес, алдағы кезеңде инфляцияның қандай болатынына қатысты болжамдарға да назар аударады. Егер инфляцияның жоғары болатыны күтілсе, орталық банк пайыздық мөлшерлемені ұзақ уақыт жоғары деңгейде ұстап тұруы мүмкін. Бұл өз кезегінде облигациялардың табыстылығына да әсер етеді. Сондықтан инвестор болашақтағы нақты табыстылықты бағалағанда, тек соңғы инфляция көрсеткіштеріне ғана емес, нарықтың алдағы кезеңге қатысты болжамдарына да мән бергені дұрыс.   Капиталды қалай қорғауға болады? Инфляциядан толық қорғайтын бірде-бір құрал жоқ. Дегенмен оның капиталға әсерін азайтуға көмектесетін инвестициялық шешімдер бар. Сондықтан инвестицияны бағалағанда тек номиналды табыстылыққа емес, нақты табыстылыққа да назар аудару маңызды. Сондай-ақ қаражаттың қажетті бөлігін ғана қолма-қол ақша түрінде сақтап, қалғанын теңгерімді инвестициялық портфельге орналастырған жөн. Инвестордың мақсатына қарай мұндай портфельдің құрамына акциялар, облигациялар, ал қажет болған жағдайда инфляциядан қорғалған қаржы құралдары да енгізілуі мүмкін. Ұзақ мерзімді инвестициялауда ең маңыздысы – капиталдың номиналды өсімі емес, оның сатып алу қабілетін сақтау.   Ұзақ мерзімдегі инфляцияның әсері Инфляцияның әсері уақыт өткен сайын күшейе береді. Себебі ол күрделі пайыздың әсерімен жинақталады. Бағаның шамамен қанша уақытта екі еселенетінін бағалау үшін «72 ережесі» қолданылады: ол үшін 72 санын жылдық инфляция деңгейіне бөлу жеткілікті. Мысалы, инфляция 10% болса, бағалар шамамен 7 жылда екі есеге өседі. Бұл табыс әкелмейтін ақшаның сатып алу қабілеті де осы уақыт ішінде шамамен екі есе төмендейді дегенді білдіреді. Сондықтан ұзақ мерзімде нақты табыстылықтағы болмашы ғана айырмашылықтың өзі 15–20 жылдан кейін инвестиция нәтижесінде үлкен айырмашылыққа әкелуі мүмкін.   Ақша иллюзиясы Психологияда «ақша иллюзиясы» деген ұғым бар. Ол адамның инфляцияны ескермей, тек номиналды көрсеткіштерге сүйеніп баға беруін білдіреді. Мысалы, жалақы 8% өссе, бұл жақсы нәтиже сияқты көрінеді. Бірақ егер осы уақытта инфляция 10% болса, онда ақшаның сатып алу қабілеті іс жүзінде төмендейді. Сол сияқты депозит 15% табыс әкелсе де, бағаның қаншалықты өскенін ескермейінше, оның нақты қаншалықты тиімді болғанын бағалау қиын. Сондықтан кез келген қаржы нәтижесін нақты табыстылық тұрғысынан бағалау – ақша иллюзиясына алданып қалмаудың ең қарапайым әрі тиімді жолы.   Қысқаша түйін Инфляция – ақшаның сатып алу қабілетін төмендететін «көзге көрінбейтін салық». Инвестицияны бағалағанда номиналды емес, нақты табыстылыққа назар аударыңыз. Қолма-қол ақша мен тұрақты купоны бар облигациялардың инфляцияға төзімділігі төмен. Ұзақ мерзімде акциялар мен нақты активтер, әдетте, инфляциядан озып отырады. Инфляциядан қорғанудың ең тиімді жолы – теңгерімді инвестициялық портфель құрып, инвестицияның нақты табыстылығын бағалап отыру.

«Инфляция – заңмен бекітілмеген салық.»

— Милтон Фридман  

Нұсқаулықтың мазмұны

1. Инфляция дегеніміз не?

2. Номиналды және нақты кірістілік

3. Нақты табыстылықты қалай есептеуге болады?

4. Мысал

5. Инфляция және активтердің әртүрлі түрлері

6. Тарихи тұрғыда инфляциядан озып келген активтер

7. Инфляциялық күтулер

8. Капиталды қалай қорғауға болады?

9. Ұзақ мерзімдегі инфляцияның әсері

10. Ақша иллюзиясы

 

 

Инфляция дегеніміз не?

Инфляция – экономикадағы тауарлар мен қызметтердің жалпы бағасының тұрақты өсуі. Бұл жекелеген тауарлардың бір рет қымбаттауын емес, баға деңгейінің жалпы өзгеруін білдіреді. Инфляцияның деңгейі, негізінен, тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш күнделікті тұтынатын тауарлар мен қызметтердің белгілі бір себетінің құны уақыт өте қалай өзгеретінін көрсетеді. Инфляцияның басты салдарының бірі – ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Яғни уақыт өткен сайын бірдей ақшаға бұрынғыдан аз тауар мен қызмет сатып алуға болады. Төмен әрі тұрақты инфляция экономика үшін қалыпты құбылыс саналады, сондықтан көптеген орталық банктер оның белгілі бір мақсатты деңгейін сақтауға ұмтылады. Ал инфляцияның жоғары болуы немесе күрт құбылуы экономиканың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Оның негізгі себептеріне ақша массасының ұлғаюы, өндіріс шығындарының өсуі және сұраныстың ұсыныстан артып кетуі жатады. Инвестор үшін инфляция – капиталдың нақты құнын біртіндеп азайтатын көзге көрінбейтін салық. Ол шоттағы қаражаттың көлемін өзгертпегенімен, уақыт өте келе оның сатып алу қабілетін төмендетеді. Сондықтан инвестиция нәтижесін бағалағанда шоттағы соманың қаншаға өскеніне ғана емес, сол қаражатқа іс жүзінде нені сатып алуға болатынына да назар аудару маңызды.  

Номиналды және нақты кірістілік

Номиналды және нақты табыстылықтың айырмашылығы осы жерде көрінеді. Номиналды табыстылық инвестиция сомасының ақшалай мәнде қаншаға өскенін көрсетеді. Мысалы, депозит жылына 15% табыс әкелуі мүмкін. Ал нақты табыстылық инфляцияны ескеріп есептеледі және капиталдың сатып алу қабілетінің қаншалықты артқанын көрсетеді. Егер инвестиция 15% табыс әкеліп, сол кезеңде инфляция 10% болса, инвестордың нақты табысы номиналды табыстылықтан әлдеқайда төмен болады.  

Нақты табыстылық қалай есептеледі?

Нақты табыстылықты шамамен есептеу үшін номиналды табыстылықтан инфляция деңгейін шегеру жеткілікті. Ал дәлірек есептеу үшін Фишер формуласы қолданылады: (1 + номиналды табыстылық) ÷ (1 + инфляция) − 1. Инфляция деңгейі төмен болған кезде екі әдістің нәтижесі бір-біріне өте жақын болады. Бірақ инфляция жоғарылаған сайын олардың арасындағы айырмашылық ұлғаяды, сондықтан мұндай жағдайда Фишер формуласын қолданған дұрыс. Ең бастысы – номиналды табыстылықты әрдайым нақты табыстылықпен салыстырып бағалау.  

Мысал

Мысалы, жылдық мөлшерлемесі 15% болатын депозитті және инфляция деңгейі 10% деп алайық. Қарапайым есептеу бойынша нақты табыстылық шамамен 5%, ал Фишер формуласы бойынша шамамен 4,5% болады. Яғни іс жүзінде капитал 15%-ға емес, небәрі 4,5%-ға ғана өсті деген сөз. Ал егер инфляция 14% болғанда, дәл осы номиналды мөлшерлеме 1%-дан да төмен нақты табыс әкелер еді. Шоттағы көрсеткіш өзгермегенімен, оның экономикалық мәні мүлде өзгеше болады.

Инфляция және активтердің әртүрлі түрлері
  • Қолма-қол ақша мен қысқа мерзімді депозиттер – ұзақ мерзімде көбіне инфляциядан қалып қояды. Олардың негізгі мақсаты – капиталды көбейту емес, өтімділікті қамтамасыз ету.
  • Тұрақты купоны бар облигациялар – инфляция жоғары болған жағдайда тартымдылығын жоғалтуы мүмкін. Егер инфляция деңгейі купондық табыстан асып кетсе, нақты табыстылық теріс мәнге ие болады.
  • Акциялар мен нақты активтер – ұзақ мерзімде көбіне инфляциядан озып отырады. Алайда қысқа мерзімде олардың бағасы құбылмалы болады.
  • Инфляциядан қорғалған облигациялар (линкерлер) – олардың номиналды құны баға индексіне байланыстырылғандықтан, инфляция өскен сайын ол да өседі (мысалы, АҚШ-тың TIPS облигациялары). Соған сәйкес купондық төлемдер де ұлғаяды. Сондықтан мұндай облигациялар инфляцияның күтпеген өсуінен қорғауға мүмкіндік береді.
Тарихи тұрғыда инфляциядан озып келген активтер

Ұзақ мерзімді инвестициялауда капиталдың жоғалу тәуекелімен қатар, инфляцияның оның нақты құнын төмендететінін де ескерген жөн. Тарихи тұрғыдан алғанда, акциялар көбіне инфляциядан жоғары табыс әкелген, ал тұрақты табыс әкелетін құралдар бағаның өсуін әрдайым толық өтей бермейді. Сондықтан ұзақ мерзімді инвестициялық портфельде бұл екі актив түрі жиі қатар қолданылады: бірі капиталдың өсуіне мүмкіндік берсе, екіншісі портфельдегі тәуекелді теңгеруге көмектеседі.  

Инфляциялық күтулер

Нарық қазіргі инфляция деңгейіне ғана емес, алдағы кезеңде инфляцияның қандай болатынына қатысты болжамдарға да назар аударады. Егер инфляцияның жоғары болатыны күтілсе, орталық банк пайыздық мөлшерлемені ұзақ уақыт жоғары деңгейде ұстап тұруы мүмкін. Бұл өз кезегінде облигациялардың табыстылығына да әсер етеді. Сондықтан инвестор болашақтағы нақты табыстылықты бағалағанда, тек соңғы инфляция көрсеткіштеріне ғана емес, нарықтың алдағы кезеңге қатысты болжамдарына да мән бергені дұрыс.  

Капиталды қалай қорғауға болады?

Инфляциядан толық қорғайтын бірде-бір құрал жоқ. Дегенмен оның капиталға әсерін азайтуға көмектесетін инвестициялық шешімдер бар. Сондықтан инвестицияны бағалағанда тек номиналды табыстылыққа емес, нақты табыстылыққа да назар аудару маңызды. Сондай-ақ қаражаттың қажетті бөлігін ғана қолма-қол ақша түрінде сақтап, қалғанын теңгерімді инвестициялық портфельге орналастырған жөн. Инвестордың мақсатына қарай мұндай портфельдің құрамына акциялар, облигациялар, ал қажет болған жағдайда инфляциядан қорғалған қаржы құралдары да енгізілуі мүмкін. Ұзақ мерзімді инвестициялауда ең маңыздысы – капиталдың номиналды өсімі емес, оның сатып алу қабілетін сақтау.  

Ұзақ мерзімдегі инфляцияның әсері

Инфляцияның әсері уақыт өткен сайын күшейе береді. Себебі ол күрделі пайыздың әсерімен жинақталады. Бағаның шамамен қанша уақытта екі еселенетінін бағалау үшін «72 ережесі» қолданылады: ол үшін 72 санын жылдық инфляция деңгейіне бөлу жеткілікті. Мысалы, инфляция 10% болса, бағалар шамамен 7 жылда екі есеге өседі. Бұл табыс әкелмейтін ақшаның сатып алу қабілеті де осы уақыт ішінде шамамен екі есе төмендейді дегенді білдіреді. Сондықтан ұзақ мерзімде нақты табыстылықтағы болмашы ғана айырмашылықтың өзі 15–20 жылдан кейін инвестиция нәтижесінде үлкен айырмашылыққа әкелуі мүмкін.  

Ақша иллюзиясы

Психологияда «ақша иллюзиясы» деген ұғым бар. Ол адамның инфляцияны ескермей, тек номиналды көрсеткіштерге сүйеніп баға беруін білдіреді. Мысалы, жалақы 8% өссе, бұл жақсы нәтиже сияқты көрінеді. Бірақ егер осы уақытта инфляция 10% болса, онда ақшаның сатып алу қабілеті іс жүзінде төмендейді. Сол сияқты депозит 15% табыс әкелсе де, бағаның қаншалықты өскенін ескермейінше, оның нақты қаншалықты тиімді болғанын бағалау қиын. Сондықтан кез келген қаржы нәтижесін нақты табыстылық тұрғысынан бағалау – ақша иллюзиясына алданып қалмаудың ең қарапайым әрі тиімді жолы.  

Қысқаша түйін

  • Инфляция – ақшаның сатып алу қабілетін төмендететін «көзге көрінбейтін салық».
  • Инвестицияны бағалағанда номиналды емес, нақты табыстылыққа назар аударыңыз.
  • Қолма-қол ақша мен тұрақты купоны бар облигациялардың инфляцияға төзімділігі төмен.
  • Ұзақ мерзімде акциялар мен нақты активтер, әдетте, инфляциядан озып отырады.
  • Инфляциядан қорғанудың ең тиімді жолы – теңгерімді инвестициялық портфель құрып, инвестицияның нақты табыстылығын бағалап отыру.

Открыть на сайте

 

Құрметті «SkyBridge Invest» АҚ клиенттері (бұдан әрі – «Компания»),

Соңғы уақытта Компанияның атауы мен қызметкерлерінің атын заңсыз пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.

Сіздерді қырағылық танытып, алынған ақпаратты мұқият тексеруге шақырамыз.

Компанияның тек бір ғана ресми сайты бар екенін хабарлаймыз — https://sbinvest.kz.

Компанияның ресми Telegram арнасы — https://t.me/skybridgeinvest.

Компания атауын пайдаланатын өзге интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар ресми болып табылмайды және Компанияға қатысы жоқ.

Компания құпия деректерді, парольдерді, растау кодтарын сұратпайды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мессенджерлері мен бейресми байланыс арналары арқылы ақша аударуды немесе комиссиялар мен өзге төлемдерді төлеуді талап етпейді.
Күмән туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген Компанияның ресми байланыс арналары арқылы ғана хабарласуыңызды ұсынамыз.

Құрметпен,
«SkyBridge Invest» АҚ