Жаңа тарифтер
15 сәуір 2025

Құрметті клиент,

«01» мамыр 2025 жылдан бастап «SkyBridge Invest» АҚ брокерлік қызметтер мен номиналды ұстау қызметтеріне жаңартылған тарифтердің күшіне енетінін хабарлаймыз. Өзгерістер келесі тармақтарға қатысты:

  • бағалы қағаздарды сақтау,
  • ақшалай қаражатты шығару,
  • қаржы құралдарын айырбастау,
  • халықаралық нарықтарда құралдарды сатып алу/сату.

Сонымен қатар, біз сіздерге «01» мамыр 2025 жылдан бастап қолжетімді болатын жаңа брокерлік қызметтерді ұсынамыз:

  • Валюталық своп операциялары KASE-де – енді валюталық нарықта конвертация жасалған кезде, валюталық своп жасасу арқылы есеп айырысулар стандартты Т+1 орнына Т0 форматында орындалуы мүмкін.
  • Біржадан тыс нарықта ақшалай қаражатты айырбастау – кеңейтілген контрагенттік желілердің арқасында әртүрлі валюта жұптары бойынша ең тиімді бағамдар қолжетімді болды.

Жаңартылған тарифтер күшіне енгеннен кейін біздің қызметтерді пайдалануды жалғастырған жағдайда, сіз енгізілген өзгерістермен келісесіз деп есептеледі.

Жаңартылған тарифтермен мына [сілтеме] арқылы таныса аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін біздің менеджерлермен +7 (727) 331 33 50 (ішкі 315 және 321) телефоны немесе sales@sbinvest.kz электрондық поштасы арқылы байланысуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,
SkyBridge Invest командасы

Жаңа тарифтер
Құрметті клиент, «01» мамыр 2025 жылдан бастап «SkyBridge Invest» АҚ брокерлік қызметтер мен номиналды ұстау қызметтеріне жаңартылған тарифтердің күшіне енетінін хабарлаймыз. Өзгерістер келесі тармақтарға қатысты: бағалы қағаздарды сақтау, ақшалай қаражатты шығару, қаржы құралдарын айырбастау, халықаралық нарықтарда құралдарды сатып алу/сату. Сонымен қатар, біз сіздерге «01» мамыр 2025 жылдан бастап қолжетімді болатын жаңа брокерлік қызметтерді ұсынамыз: Валюталық своп операциялары KASE-де – енді валюталық нарықта конвертация жасалған кезде, валюталық своп жасасу арқылы есеп айырысулар стандартты Т+1 орнына Т0 форматында орындалуы мүмкін. Біржадан тыс нарықта ақшалай қаражатты айырбастау – кеңейтілген контрагенттік желілердің арқасында әртүрлі валюта жұптары бойынша ең тиімді бағамдар қолжетімді болды. Жаңартылған тарифтер күшіне енгеннен кейін біздің қызметтерді пайдалануды жалғастырған жағдайда, сіз енгізілген өзгерістермен келісесіз деп есептеледі. Жаңартылған тарифтермен мына [сілтеме] арқылы таныса аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін біздің менеджерлермен +7 (727) 331 33 50 (ішкі 315 және 321) телефоны немесе sales@sbinvest.kz электрондық поштасы арқылы байланысуыңызды сұраймыз. Құрметпен, SkyBridge Invest командасы

Құрметті клиент,

«01» мамыр 2025 жылдан бастап «SkyBridge Invest» АҚ брокерлік қызметтер мен номиналды ұстау қызметтеріне жаңартылған тарифтердің күшіне енетінін хабарлаймыз. Өзгерістер келесі тармақтарға қатысты:

  • бағалы қағаздарды сақтау,
  • ақшалай қаражатты шығару,
  • қаржы құралдарын айырбастау,
  • халықаралық нарықтарда құралдарды сатып алу/сату.

Сонымен қатар, біз сіздерге «01» мамыр 2025 жылдан бастап қолжетімді болатын жаңа брокерлік қызметтерді ұсынамыз:

  • Валюталық своп операциялары KASE-де – енді валюталық нарықта конвертация жасалған кезде, валюталық своп жасасу арқылы есеп айырысулар стандартты Т+1 орнына Т0 форматында орындалуы мүмкін.
  • Біржадан тыс нарықта ақшалай қаражатты айырбастау – кеңейтілген контрагенттік желілердің арқасында әртүрлі валюта жұптары бойынша ең тиімді бағамдар қолжетімді болды.

Жаңартылған тарифтер күшіне енгеннен кейін біздің қызметтерді пайдалануды жалғастырған жағдайда, сіз енгізілген өзгерістермен келісесіз деп есептеледі.

Жаңартылған тарифтермен мына [сілтеме] арқылы таныса аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін біздің менеджерлермен +7 (727) 331 33 50 (ішкі 315 және 321) телефоны немесе sales@sbinvest.kz электрондық поштасы арқылы байланысуыңызды сұраймыз.

Құрметпен, SkyBridge Invest командасы

Открыть на сайте

 

Құрметті «SkyBridge Invest» АҚ клиенттері (бұдан әрі – «Компания»),

Соңғы уақытта Компанияның атауы мен қызметкерлерінің атын заңсыз пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.

Сіздерді қырағылық танытып, алынған ақпаратты мұқият тексеруге шақырамыз.

Компанияның тек бір ғана ресми сайты бар екенін хабарлаймыз — https://sbinvest.kz.

Компанияның ресми Telegram арнасы — https://t.me/skybridgeinvest.

Компания атауын пайдаланатын өзге интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар ресми болып табылмайды және Компанияға қатысы жоқ.

Компания құпия деректерді, парольдерді, растау кодтарын сұратпайды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мессенджерлері мен бейресми байланыс арналары арқылы ақша аударуды немесе комиссиялар мен өзге төлемдерді төлеуді талап етпейді.
Күмән туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген Компанияның ресми байланыс арналары арқылы ғана хабарласуыңызды ұсынамыз.

Құрметпен,
«SkyBridge Invest» АҚ