"ҚазМұнайГаз" IPO-сының өсу бағыты
9 қараша 2022
Еліміздің ең ірі ұлттық компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (Компания) мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасы аясында IPO-ға шығуда. Компанияның қазіргі акционері «Самұрық-Қазына» қоры IPO аясында AIX және KASE қор биржа алаңдарында орналастырылған акциялардың жалпы санынан 5%-ға дейін (30,5 млн. акцияға дейін) ұсынады. Бір жай акцияны орналастыру бағасы 8 406 теңгені құрайды, бұл компанияның 5,1 трлн. теңге бағалауына сәйкес келеді.