IPO-ҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ

Қазақстан экономикасы флагманының иелесі бол

Маған қызықты

"ҚазМұнайГаз" IPO-сының өсу бағыты

Алдағы ҚазМұнайГаз IPO-ға байланысты біз компания акцияларын аналитикалық қамтуды бастаймыз. Біз Компанияның қызметіне шолу жасайтын, оның әділ құнын бағалауды қамтитын есеп дайындадық. Есепті Релиздер бөлімінде көруге болады

Біз"сатып алуға" кеңес береміз

Орналастыру бағасы бір акция үшін 8406 теңге капиталдың әділ құнына 35% - дан астам дисконт ұсынады

KASE және AIX-ке өтінімдер жинау
қазірдің өзінде басталды
9-30 қараша аралығында институционалдық инвесторлар үшін. Бөлшек инвесторлар үшін 9 қарашадан 2 желтоқсанға дейін
Өсу потенциалы -
35% -дан астам
Орналастыру бағасы - 8 406 теңге. Нысаналы бағасы-11 693 теңге
Арнайы ұсыныс
SkyBridge Invest-тен
Бізде ҚМГ IPO-ға қатысқаны үшін жеке тұлғалардан комиссия алынбайды. Жыл соңына дейін жеке тұлғаларға жаңа клиенттеріге қызмет көрсету-тегін

Дегенмен, мынаны түсіну маңызды! Егер Сіз өз активтеріңізді акцияларына салған компания жекелеген кезеңдерде бизнесті дамыту, жаңа бағыттарды игеру немесе активтерін қайта құру қажеттіліктеріне ие бола алса, онда акционерлер жиналысы дивидендтер төлемеу немесе оларды алдыңғы жылдарға қарағанда төмен мөлшерде төлеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Акциялардың бағасы жағымды факторлардың әсерінен өсе алса, жекелеген жағымсыз кезеңдерде төмендей де алады.

Бағаның төмендеуінен шығынға ұшырамау үшін:

  • Әр түрлі құралдарға инвестиция салыңыз: депозиттер, жылжымайтын мүлік, басқа компаниялардың акциялары.
  • Соңғы немесе қарыз қаражатын инвестицияламаңыз.
  • Ұзақ уақытқа инвестициялаңыз.

Бұл қарапайым ережелер Сізге тәуекелдерге дайын болуға және болашаққа берік қаржылық резерв құруға көмектеседі.

IPO-ға қалай қатысуға болады

Табысты қазақстандық компаниялардың инвесторы және иелесі болыңыз

Брокерлік шот ашу

Сайтта немесе қосымшада. Google Play-де және App Store-де жүктеуге болады.

Брокерлік шотты толтыру

Ағымдағы банктік шоттан брокерлік шотқа ақша аудару. Аудару кезінде комиссияға ұсталатын шығындарды ескеру.

Акцияларды сатып алуға өтініш беру

SkyBridge Invest кеңсесінде қағаз нысанда. Сауда платформасы немесе мобильді қосымша арқылы.

FAQ

Неліктен біз IPO-ға қатысуымыз керек екенін түсіндіре аласыз ба? Бұл нәтижесінде бізге не береді?

IPO қазақстандықтарға ірі ұлттық компаниялардың иелесі болуға мүмкіндік береді. ҚМГ IPO-сы қазақстандық мұнай-газ өнеркәсібіне инвестиция салуға және мұнай саласының ұлттық көшбасшысы болып табылатын компанияның акционері болуға бірегей мүмкіндік береді.

Біз бұл тақырыпты толық түсінбейтінімізді пайдаланып, алданбайтынымызға қалай сенімді бола аламыз?

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін ұйымдасқан нарықта бағалы қағаздармен операцияларды тек лицензиясы бар брокерлік компания клиенттің тапсырмасы бойынша, есебінен және мүддесі үшін жүзеге асыра алатынын ұмытпаңыз.

Брокерде лицензияның бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің веб-сайтында тексеруге болады.

Агенттік сондай-ақ жосықсыз қызметтің белгілері бар ұйымдар мен тұлғалардың, соның ішінде ҚР азаматтарынан шағымдар келіп түскендердің тізімін жариялайды. Қандай да бір компаниямен ынтымақтастықты бастамас бұрын тізімді тексеріңіз.

Сондай-ақ, адал брокер инвестициялардың табыстылығына кепілдік бермейтінін есте ұстаған жөн. Егер брокер сізге кепілдендірілген пайда мен инвестицияның сөзсіз өтелуіне уәде берсе – абай болыңыз, сіз алаяқтармен байланысуыңыз мүмкін.

Егер мен акцияларды сатып алсам, оларды қалай басқара аламын? (сатып алу/сату/сыйға тарту/мұрагерлік бойынша беру)?

Сатып алынған акцияларды сату брокер арқылы жүзеге асырылады. Егер сатып алу брокерлік шотты ашпай жүргізілсе, брокерді таңдау, онымен келісім-шарт жасау, брокерлік шотты ашу, акцияларды брокерлік шотқа аудару және брокерге сатуға өтініш беру қажет.

ҚР Азаматтық кодексімен бағалы қағаздар жылжымалы мүлік санатына жатқызылған және мұра бойынша кез келген өзге мүлік ретінде беріле алады. Меншік құқығындағы бағалы қағаздарға иелік ететін адам оларды белгілі бір тұлғаға (немесе мұрагерлер бірнеше болса, тұлғаларға) өз еркін өсиетте көрсету арқылы немесе заң бойынша өз мұрагерлеріне әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен бере алады. (сыйға беру мүмкіндігі бойынша жауап қажет)

Егер біз компанияның акционері болсақ, дауыс беру арқылы маңызды мәселелерді шешуге қатыса аламыз ба?

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 14 бабына сәйкес қоғам акционері қоғамды басқаруға қатысуға, қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидатуралар ұсынуға, акционерлердің жалпы жиналысының қоғам акцияларының санын өзгерту немесе олардың түрін өзгерту туралы шешімді қабылдауына қатысуға құқылы. Акционерлердің құқықтары және акционерлік қоғамдардың жұмыс істеу ерекшеліктері туралы толығырақ ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңынан білуге болады.

IPO-ға қатысуға қандай шектеулер жоспарланған? Сатып алынған қағаздар санына шектеулер бола ма?

Қазіргі уақытта IPO-ға қатысуға шектеулер немесе сатып алынатын қағаздар саны бойынша шектеулер туралы мәселе талқыланған жоқ. Бөлу кезінде барлық мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтауды ескере отырып, бөлшек инвесторларға басымдылық беру жоспарлануда. Ықтимал шектеулерді қоса алғанда, акцияларды бөлудің нақты тәртібі IPO-ға дайындықтың аса кейінгі кезеңдерінде айқындалатын болады. ҚМГ мен Самұрық-Қазына сапалы, ұзақ мерзімді, әртараптандырылған инвесторлық базаны қалыптастыруға мүдделі және ұзақ мерзімді кезеңде акция құнының өсімін көздейді.

Барлық сұрақтарды қарау

SkyBridge Invest тәжірибесі

 
Қазақстан темір жолы
Қаржы кеңесшісі, андеррайтер
150 млрд KZT
2022
Kegoc
Қаржы кеңесшісі
35 млрд KZT
2021
ҚазМұнайГаз
Қаржы кеңесшісі
USD 2,75 млрд
11.2017-05.2018
ҚазМұнайГаз
Қаржы кеңесшісі
KZT 11,84 млрд
11.2017
ҚазТрансГаз
Қаржы кеңесшісі
USD 750 млн
2016-2017
Kegoc
Қаржы кеңесшісі
KZT 84 млрд
2016-2017
ҚазМұнайГаз
Брокер
KZT 24,3 млрд
2018
ҚазМұнайГаз
Келісімді алу жөніндегі агент
USD 10,5 млрд
2015
Қазақстан темір жолы
Бірлескен Жетекші Менеджер және Букраннер
CHF 80 млрд
2019
Самрук-Қазына
Қаржы кеңесшісі
KZT 750 млрд
2015
Caspiy Neft
Қаржы кеңесшісі
USD 300 млн
2017
Astana Gas KMG
Қаржы кеңесшісі
187 млрд теңге
2018
Baiterek
Қаржы кеңесшісі
65 млрд KZT
2019
Benkala
Қаржы кеңесшісі
5,5 млн KZT
2019
Kegoc
Қаржы кеңесшісі
35 млрд KZT
2020
Қазақстан темір жолы
Қаржы кеңесшісі, андеррайтер
680 млрд KZT
2019
Kegoc
Қаржы кеңесшісі, андеррайтер
9,7 млрд KZT
2020
ҚазМұнайГаз
Қаржы кеңесшісі, андеррайтер
750 млн USD
2020
KBTU
Қаржы кеңесшісі, sell side
11,3 млрд KZT
2018
KazakhAltyn
Қаржы кеңесшісі
122,8 млрд KZT
2020
Akzhal Gold Resources
Қаржы кеңесшісі
20 млрд KZT
2020
Кристалл Менеджмент
Қаржы кеңесшісі
35,7 млрд KZT
2018
Kazakhmys
Қаржы кеңесшісі
175 млрд KZT
2018
Біздің мамандар Сізге кеңес береді